Kazachsko-ukraińska dwujęzyczna książka
— Балақай, мен сенің күлкіңді естігім келім тұр…
— Хлопче, я хочу ще почути, як ти смієшся…
Бірақ ол маған:
Але він сказав:
— Бүгін түнде бір жыл толады. Менің жұлдызым өзім құлап түскен жердің дәл төбесінде тұрады…
— Сьогодні вночі минає рік. Моя зірка саме над тим місцем, де я упав рік тому…
— Балақай, жылан да, түндегі жолығу, жұлдыз да жай бір қорқынышты түс болар…
— Слухай, хлопче, адже вся ця історія з гадюкою, з побаченням і з зіркою — це просто лихий сон, еге ж?
Ол сөзіме жауап берместен, маған былай деді:
Але він не відповів.
— Ең маңызды нәрсе көзге көрінбейді…
Сказав лише:
— Найголовнішого не побачищ очима…
— Әлбетте…
[Bilinguator: — Авжеж.]
— Бұл гүлді көру сияқты. Егер сен бір жұлдыздың үстінде өсіп тұрған гүлді жақсы көрсең, түнде аспанға қарасаң болғаны, барлық жұлдыз гүлдеп шыға келеді.
— Це як із квїткою. Як ти любиш квітку, що росте десь на далекій зірці, вночі тобі любо дивитися на небо. Всі зорі розквітають.
— Солай ғой…
— Авжеж.
— Су жайында да солай. Сен құдықтан арқанмен тартып алып шығып, маған ішуге берген су ән әуені секілді еді ғой, есіңде ме… ол зәм-зәм суы болатын.
— Це як із тією водою. Коли ти дав мені напитися, вода була наче музика… а все та корба й вірьовка… пам’ятаєш?.. вода була чудова.
— Әрине…
[Bilinguator: — Авжеж.]
— Сен түнде жұлдыздарды тамашалайтын боласың. Менің жұлдызым тым кішкене болғандықтан, оның қайда орналасқанын көрсете алмаймын. Мүмкін сол дұрыс шығар. Менің жұлдызым сен үшін көп жұлдызды бірі ғана болып қалады. Сонда сен барлық жұлдызды тамашалауды жақсы көріп кетесің… Олардың бәрі сенің достарыңа айналды. Ал содан соң мен саған сыйлық тарту етпекшімін…
— Вночі ти подивишся на зорі. Моя зірка дуже маленька, я не можу тобі й показати, де вона. Та це й краще. Вона буде для тебе просто одна з численних зірок. I тобі подобатиметься зорювати… Всі зорі стануть тобі за приятелів. I потім я тобі дещо подарую…
Сөйтіп ол тағы да күліп жіберді.
I він засміявся.
— Пах, балақай, балақай, сенің күлкіңді қандай жақсы көретінімді білесің ғой!
— О хлопче, хлопче, як я люблю цей твій сміх!
— Дәл осы менің тартуым болады… су жайындағы әңгіме тәрізді…
— Оце й буде мій подарунок… це буде, як із тою водою…
— Мұнымен не айтпақшысың?
— Що ти хочеш сказати?
— Адамдар үшін жұлдыздар әр түрлі. Саяхатшылар үшін жұлдыздар жол көрсетеді. Басқалар үшін олар тек кішкене жарық шоқтары ғана. Ал ғалымдар үшін олар тек шешімі жоқ мәселе. Менің іскер пайдакүнемім үшін олар алтын еді. Бірақ сол жұлдыздардың бәрі де үнсіз қалатын. Ал сенің ешкімде болып көрмеген жұлдызың болады…
— У кожної людини свої зорі. Для одних, тих, хто подорожує, вони дороговказ. Для інших це просто маленькі вогники. Для вчених зірки — наукова загадка. Для мого ділка вони золоті. Але всі ці зорі німі. А ти матимеш такі зірки, яких більше ні в кого немає…
— Қалайша?
— Як це розуміти?
— Мен көп жұлдыздың бірінде мекен ететін болғандығымнан, сол бір жұлдыз үстінде күліп жүргендіктен, түнде аспанға көз тіккен кезіңде барлық жұлдыздар сен үшін күліп тұрғандай болады. Сенде күле білетін жұлдыздар болады.
— Я житиму на одній із зірок, я там сміятимусь, і коли ти подивишся вночі на небо, це буде так, наче всі зорі сміються. Ти матимеш зорі, що вміють сміятися!
Ол тағы да күледі.
I він сам засміявся.
— Ал сен жұбаныш тапқан кезіңде (адамдар жұбаныш таппай қойамайды), менімен таныс болғаныңа риза боласың. Сен мен үшін өмір бойына дос болып қаласың. Сенің маған қосылып бірге күлгің келетін болады. Кей кезде сен терезеңді айқара ашып тастасаң, жаның жай табатын болады…
— I коли ти втішишся (а втіха таки приходить), ти будеш радий, що познайомився зі мною. Ти завше будеш моїм другом. Тобі захочеться посміятися зі мною. Тоді ти відчиниш вікно, і тобі буде приємно…
Сенің аспанға қарап күлгеніңе жолдастарың таң қалатын болады. Сонда сен оларға: «Иә, жұлдыздар үнемі менің күлкімді келтіреді!» деп айтатын боласың. Олар сені ақылынан алжасқан деп ойлауы мүмкін. Сөйтіп мен саған жолдастарыңның алдында ыңғайсыз жағдай туғызамын…
I твої приятелі будуть неабияк здивовані, що ти смієшся, глядячи на небо. А ти їм скажеш: «Так, так, зорі завше викликають у мене охоту сміятися!» I вони подумають, що ти несповна розуму. Ось яку капость я тобі втну…
Ол тағы да күлді.
I він знову засміявся.
— Жұлдыздардың орнына сыңғырлап күле беретін бір топ кішкене қоңыраулар бергендей боламын…
— Це буде так, наче замість зірок я дав тобі безліч дзвіночків, що вміють сміятися…
Ол тағы да күлді. Сосын қайтадан салмақты қалыпқа түсіп:
I він знову засміявся. Потім знову споважнів:
— Білесің бе… бүгін түнде… бармай-ақ қой.
— Знаєш… сьогодні вночі… краще не приходь.
— Мен сені қалдырып кете алмаймын.
— Я тебе не залишу.
— Менің түрім азаптанып жатқан, тіпті өліп кеткен сияқты болып көрінді. Солай болуы тиіс. Мұны көруге келмей-ақ қой, қажеті жоқ.
— Я матиму такий вигляд, наче мені зле… Наче я вмираю. Так уже воно буває. Не треба, щоб ти це бачив…
— Мен сені тастап кетпеймін.
— Я не залишу тебе.
Оның көңілі алаң еді.
Однак він був заклопотаний.
— Менің бұлай деп айтып тұрған себебім… жыланның да кесірінен. Оның сені шағып алғанының керегі шамалы… жыландар жауыз болады. Әншейін бір ләззат алуы үшін шаға салуы ықтимал.
— Я кажу тобі це… і через гадюку. Не треба, щоб вона тебе вжалила… Гадюки ж злі. Когось ужалити для них утіха.
— Мен сені тастап кетпеймін.
— Я тебе не залишу.
Сосын ол көңілі әлденеден жұбаныш тапқандай:
Щось його заспокоїло.
— Олардың екінші рет шағуына уы жетпейтіні де рас…
— Правда, на другий укус отрути в неї не вистачить.
Бұл түні Кішкентай ханзаданың қалайша жолға аттанып кеткенін байқамай қалдым. Сыбдырсыз қашып кетіпті. Мен оны қуып жетіп қатарласқанымда, ол өзіне сенімді, әрі жылдам адымдап бара жатыр екен. Ол маған тек:
Тої ночі я не помітив, як він пішов. Він тихо вислизнув. Коли я наздогнав його, він ішов прудко й рішуче.
— Ә, сен екенсің ғой… — деді.
— А, це ти…— тільки й сказав він мені.
Ол менің қолымды алды. Сөйтіп ол тағы мазасыздана бастады:
I взяв мене за руку. Але щось іще його тривожило.
— Бекер істедің. Қиналасың ғой. Менің түр-әлпетім өліп кеткен адам сияқты көрінеді, ол әрине шын емес…
— Даремно ти так учинив. Тобі буде боляче. Я буду наче неживий, а насправді це буде не так…
Мен үн қатпадым.
Я мовчав.
— Түсінесің ғой. Жол ұзақ. Мен мында денемді алып кете алмаймын. Ол тым ауыр.
— Бачиш… Це дуже далеко. Я не можу забрати свого тіла. Це заважко.
Мен үндемедім.
Я мовчав.
— Бұл аршып тастаған ескі қабық тәріздес. Ескі қаңқалар үшін қамығудың қажеті жоқ…
— Але це все одно, що покинути стару оболонку. За старими оболонками нема чого жалкувати.
Мен тағы үндемедім.
Я мовчав.
Оның батылдығы кеміп, еңсесі түсейін деген сияқты. Дегенмен, тағы бір рет тырысып көруге оқталды:
Він трохи занепав духом. Але все ж зробив ще одне зусилля:
— Білесің бе, керемет болады. Мен де жұлдыздарға қараймын. Мен үшін барлық жұлдыздар айналмалы шығыршығы бар құдық сияқты көрінеді. Жұлдыздардың бәрі маған су ұсынатын болады…
— Знаєш, це буде гарно. Я теж зорюватиму. I всі зорі будуть наче криниці з рипучою корбою. I всі зорі дадуть мені напитися…
Мен үн қатпадым.
Я мовчав.
— Қандай қызық болады десеңші! Сенде бес жүз миллиондай сылдырмақ қоңыраулар болса, менің бес жүз миллион құдығым болады…
— Подумай, як буде чудово! Ти матимеш п’ятсот мільйонів дзвіночків, а я п’ятсот мільйонів струмків…
Жасына булығып, ол да үндемей қалды…
I тут він теж замовк, бо заплакав…
— Міне, келдік. Алға бір қадам жалғыз басуыма рұқсат ет.
— Це тут. Дай мені ступити ще крок самому.
Сөйтті де, ол құмға отыра кетті, себебі ол қорқып тұр еді.
I він сів на піску, бо йому стало страшно.
Сәлден соң:
Потім він сказав:
— Білесің бе… менің гүлім… ол үшін мен жауаптымын! Ал ол өзі сондай нәзік! Өзі сондай ақкөңіл. Бүкіл дүниеден қорғану үшін түкке тұрмайтын төрт тікенегі ғана бар…
— Знаєш… моя рожа… я за неї відповідаю! А вона така квола! I така довірлива. Єдине, чим вона може захищатися, це чотирма жалюгідними колючками…
Мен оның қасына отыра кеттім. Тік тұра беруге шамам жетпеді.
Я теж сів, бо мені підломились ноги. Він мовив:
— Мінеки… Бәрі бітті…
— Ну от. Це все…
Ол тағы да аздап кідіріңкіреп қалды да, сосын орнынан тұрды. Бір адым алға басты. Мен орнымда қалшиып тұрып қалдым.
Завагався ще з хвилину і встав. I ступив лише крок. Я не міг ворухнутися.
Оның аяғының қасына сары найзағай жарқ еткендей болды. Ол бір мезет қозғалмай тұрып қалды. Айқайлаған жоқ. Бөрене тәрізді тұрған орнында жанына қарай қисайып құлай берді. Құм үстінде болғандықтан, сыбдыр еткен дыбыс та шықпады.
Неначе жовта блискавка майнула біля його ніг. Якусь мить він стояв непорушно. Не закричав. Потім упав — повільно, як падає дерево. Повільно й нечутно, бо пісок приглушує звуки.
XXVII
РОЗДІЛ XXVII
Міне, содан бері алты жыл өтіп кетті… Мен бұл оқиғаны ешқашан айтқан емеспін. Жолдастарым менің аман-есен қайтып оралғаныма қуанды. Мен көңілсіз едім, оларға: «Шаршап-шалдыққандықтан болар…» дей салдым.
I от збігло вже шість років… Я ще нікому не розповідав цієї історії. Коли я повернувся, товариші були раді, що знову бачать мене живого й здорового. Важко було в мене на душі, але я казав їм:
— Це просто втома…
Енді қазір жұбаныш тапқан сиятқтымын. Олай дегенім… түгелдей емес әрине. Дегенмен, мен оның планетасына қайтып оралғанына күмәнім жоқ, өйткені таң атқанда оның денесін таппағанмын. Ауыр дене де емес еді ғой… Ал түнде жұлдыздарға құлақ түргенді жақсы көремін. Олар бес миллион кішкене қоңыраулар тәрізді…
I все ж потроху я заспокоївся. Тобто… не цілком. Але я добре знаю: він на свою планетку повернувся, бо коли розвидніло, я не знайшов на піску його тіла. Воно було не таке вже й важке… А ночами я люблю слухати зорі. Немов п’ятсот мільйонів дзвіночків…
Міне, қызық нәрсе! Кішкентай ханзада үшін суретін салып берген тұмылдырыққа қайыс белбеу қосып беруді ұмытып кетіппін! Ол оны ешқашан қошақанына кигізе алмапты да. Сонда өзімнен өзім былай деп сұраймын: «Планетасында не болып жатыр екен? Мүмкін қошақан гүлді жеп қойған шығар…»
Але ось що дивовижно. В обротьці, намальованій для принцового баранця, я забув намалювати ремінець! Маленький принц ніколи не зможе надіти її на баранця. I я питаю себе: що ж коїться там, на його планетці? Що, як баранець з’їв рожу?
Кейде мен өзіме-өзім: «Жоқ, әрине, жоқ! Кішкентай ханзада түнге қарай гүлін шыны қалпақпен жауып қояды. Ал қошақаннан көз жазбайтын болар…» Солай деймін де, өзімді бақытты сезініп кетемін. Ал жұлдыздар болса, аспанда жайлап қана жымың қағады.
Іноді я кажу собі: «Ні, звичайно, ні! Маленький принц на ніч прикриває рожу скляним ковпаком і пильно стежить за своїм баранцем». Тоді я щасливий. I всі зорі тихенько сміються.
Кей кезде мен іштей: «Бірде болмаса бірде босанып кетсе бәле болғаны! Бір күні кешкісін шыны қалпақты жабуды ұмытып кетсе немесе түн ішінде қошақан сыбдырсыз босанып кетсе…» Ондай кезде қоңыраулар зар илеп жылайды!
А часом я кажу собі: «Іноді, трапляється, буваєш неуважний… Тоді все може статися! Що, як він якось увечері забув про скляний ковпак або вночі викрався баранець на волю…» I тоді всі дзвіночки мовби плачуть…
Жұмбақтың көкесі осында жатыр. Әлемнің адамзатқа беймәлім бір бұрышында, өмірі көрмеген бір қошақан раушан гүлді жегенін немесе жемегенін білген, мен сықылды Кішкентай ханзаданы жақсы көріп қалған сіздер үшін де мәні зор болар. Сонда бүкіл дүниеде бәрі өзгеше болып көрінер еді…
Усе це загадкове й незбагненне. Для вас, тих, хто теж полюбив маленького принца, як і для мене, світ стане інший, коли десь, невідомо де, баранець, що його ми ніколи не бачили, можливо, з’їв рожу…
Аспанға көз салыңызшы. Өзіңізден: Қошақан гүлді жеп қойды ма, әлде жоқ па? — деп сұраңызшы. Сонда бәрінің басқаша өзгеріп шыға келгеніне көзіңіз жетеді…
Погляньте на небо. I спитайте себе: «Є ще та квітка чи нема її? Може, баранець її з’їв?» I ви побачите, як усе змінюється…
Мұның қаншама маңызды екенін ешқашан ешбір ересек адам түсіне бермейді!
I ніколи жоден дорослий не зрозуміє, як це важливо!
Бұл мен үшін дүниедегі ең сұлу, әрі ең көңілсіз табиғат көрінісі. Бұл алдыңғы беттерде бейнеленген табиғат көрінісінен аумайды, бірақ мен оны тағы бір рет сізідерге көрсету үшін салдым. Міне, осы жерде Кішкентай ханзада алдымен пайда болып, сосын жоқ болып кеткен.
Це, по-моєму, найкраще й найсумніше місце у всьому світі. Цей же куточок пустелі намальовано й на попередній сторінці, але я намалював його ще раз, щоб вам краще було видно. Саме тут маленький принц уперше з’явився на Землі, а потім зник.
Алда-жалда Африканың шөліне сапар шегіп қалсаңыз, бұл жерді танып алу үшін назар аударып, жақсылап қарап алыңыз. Ал егер де сәті түсіп осы жерден өте қалсаңыз, сізден өтінемін, асықпаңызшы, жұлдызды аспан астында сәл ғана кідіре тұрыңыз!
Придивіться уважніше, щоб неодмінно впізнати те місце, якщо колись потрапите до Африки, в пустелю. Якщо вам доведеться проїздити тут, благаю вас, не поспішайте, забаріться трохи якраз під цією зіркою!
Егер десол мезетте бір балақай сізге жақындап келіп күлсе, егерде оның алтындай сары шаштары болса, сіздің сұрағыңызға жауап қайтармаса, сіз, әрине, оның кім екенін түсіне қоясыз. Қайырымды бола көріңіз! Мені сонша ренжіте бермей, маған оның тезірек қайтып келгені жайлы жазып жіберіңізші…
I якщо до вас підійде золоточубий малий хлопчик, який сміється і не відповідає на ваші питання, ви одразу здогадаєтесь, хто це такий. Тоді — будь ласка — розвійте мою журу, мерщій напишіть мені, що він вернувся.
1943
1943
Reklama