Маленький принц / Кішкентай ханзада — w językach ukraińskim i kazachskim. Strona 3

Ukraińsko-kazachska dwujęzyczna książka

Антуан де Сент-Екзюпері

Маленький принц

Антуан де Сент-Экзюпери

Кішкентай ханзада

Маленький принц аж поблід із гніву:

Кішкентай ханзада ашудан тіпті бозарып кетті.

— Мільйони років у квітів ростуть колючки. I мільйони років баранці все ж їдять квіти. То хіба це не поважна річ — зрозуміти, чому вони так стараються випустити колючки, які їм нічого не дають? Хіба це не важливіше і не поважніше, ніж рахунки червонопикого гладуна?

— Миллиондаған жылдар бойы гүлдің сабаңында тікенек өседі. Сонда да миллиондаған жылдар бойы қойлар гүлді жегенін қойған емес. Гүлдердің еш пайдасы жоқ тікенектерді өсіруінің себебін білуге талпыну айтуға тұрарлықтай жұмыс емес пе? Қойлар мен гүлдер арасындағы байланыстың бар болмағаны ма сонда? Бұл мәселе қызыл бетті семіз мырзаның есеп-қисабынан гөрі маңыздырақ емес пе?

I коли я знаю квітку, яка є єдина на світі і росте лише на моїй планеті, а якийсь баранець одного ранку з’їсть її, не тямлячи навіть, що він накоїв, це теж, по-твоєму, байдуже?

Егерде бүкіл әлемде жоқ, тек менің планетамда ғана өсетін жалғыз гүлімді қошақан бір күні жалмап жеп қойса, қалай болар еді? Қошақан не бүлдіргенін түсінбеуі де мүмкін. Осының бәрі сеніңше маңызды емес қой?

Він зашарівся, потім озвався знову:

Кішкентай ханзада қызарып кетті. Сосын сөзің былай деп жалғады:

— Якщо ти любиш квітку, яка існує єдина на світі і лише на одній з мільйонів і мільйонів зірок, цього досить: милуєшся на зорі і чуєшся щасливий. Кажеш собі: «Десь там і моя квітка…» Але коли баранець її з’їсть, це все одно, мовби всі зорі раптово згасли! I це, по-твоєму, байдуже!

— Миллиондаған жұлдыздың біреуінде ғана өсетін жеке-дара гүлді жақсы көретін адамға өзін бақытты сезіну үшін аспандағы сол жұлдызға қарағаны жеткілікті болады. Ол өзіне-өзі: «Менің гүлім бір жағында тұр—ау…» — дейді. Ал егер қошақан сол гүлді жалмап жеп қойса, ол үшін жұлдыздардың бәрі бірден сөніп қалғандай болар еді! Сеніңше, бұл маңызды емес қой!

Він більше не міг нічого сказати. Він раптом заридав. Споночіло. Я відклав інструмент. Смішно було думати про молоток, про шуруп, про спрагу й смерть. На цій зірці, на планеті — на моїй планеті Земля — плакав маленький принц, і його треба було втішити! Я взяв його на руки і почав люляти. Я казав йому:

Ол жасқа булығып, бұдан артық ештеңе айта алмады. Кенет жылап қоя берді. Ымырт түскен шақ еді. Мен құрал-сайманымды тастай салдым. Балға мен бұранданың да, шөл мен өлімнің де мен үшін мәні болмай қалды. Бір жұлдыз, яғни менің планетам — Жер үстінде Кішкентай ханзаданы жұбату керек болды. Мен оны құшағыма алып, тербетіп жұбата бастадым. Оған мен:

— Квітці, яку ти любиш, не загрожує ніяка небезпека… Я намалюю твоєму баранцеві обротьку… Намалюю для твоєї квітки броню… Я…

«Сенің жақсы көретін гүліңе қауіп төніп тұрған жоқ… Сенің қошақаныңа тұмылдырық салып беремін… Мен…» Басқа тағы не айтарымды білмедім.

Я вже й не тямив, що кажу. Я здавався собі страшенно незграбним. Не знав, як підійти до нього, як прихилити його до себе… Вона така загадкова, ота країна сліз.

Өзімді тым ебедейсіз сезіндім. Мен оның жүрегіне жетер жол таппадым. Көз жасы көл болатын осынау дүние соншалық құпия еді.

РОЗДІЛ VIII

VIII

Незабаром я навчився краще розпізнавати ту квітку. На планеті маленького принца завше росли звичайні прості квіти — вони мали нерясно пелюсток, місця займали мало й нікого не турбували. Вони розпускалися вранці в траві, а надвечір никли.

Көп ұзамай-ақ мен бұл гүлмен жақсылап танысып алдым. Кішкентай ханзаданың планетасында бұрыннан бері қарапайым ғана, тек бір қатарлы қауызы бар, көп орын да алмайтын, ешкімге де кедергі келтірмейтін гүлдер өсетін. Ол гүлдер таң ата көгалда пайда болып, кеш түсе солып қалатын.

А та квітка проклюнулась із насінини, занесеної невідомо звідки, і маленький принц викохував той пагінчик, такий неподібний до інших билинок. А що, як це якась одміна баобаба?

Ал бұл гүл белгісіз жақтан, ұшып келген ұрықтан өніп шыққан. Кішкентай ханзада басқа өсімдіктерге ұқсамайтын осы бір ерекше жас өркенді көз алмай бақылады. Мүмкін, бұл баобабтың жаңа түрі болар.

Та кущик незабаром перестав рости, і на ньому виліз пуп’янок. Маленький принц ізроду не бачив ще таких буйних пуп’янків і відчував, що от-от станеться якесь диво. Одначе квітка, схована в своїй зеленій світличці, ще не була готова, вона все чепурилася.

Бірақ бұл жас өркен бірден бойлап өсуін тоқтатып, гүл жара бастады. Үлкен қауызды жарып шыққанын бақылап жүрген Кішкентай ханзада ғажайып бір нәрсенің пайда болатынын сезгендей еді. Алайда гүл асықпастан, өзінің жасыл шатырының астында құлпырып шығуға әзірленді.

Старанно добирала барви. Вона виряджалася поволі, приміряючи одну по одній пелюстки. Вона не хотіла виходити скуйовджена, як самосійний мак. Вона хотіла показатись у всій своїй пишноті. Авжеж, вона була така чепурушка!

Ол баппен таңдалған қанық бояуларға боянды. Қауыздарын бір-бірден ашып, асықпай сәнденді. Дала қызғалдағы сияқты умаждалып шыққысы келмеді. Сұлулық сәулесіне боялып шыққысы келді. Иә, солай! Ерке-тотайдың дәл өзі!

Таємниче вбирання тривало багато днів. Аж от якось уранці, тільки встало сонце, квітка розпустилась.

Сөйтіп, құпия әзірлік күні-түні жалғасты. Мінеки бір күні, тура таң шұғыласын шашқанда, бұл гүл қауызын жарып шықты.

Як дбайливо вона готувалася, стільки поралася, а нині, позіхаючи, сказала:

Соншама әзірлікпен дүниеге келген сұлуыңыз есінеп тұрып былай деді:

— Ох! Я ледве прокинулась!.. Даруйте мені… Я ще зовсім не зачесана…

— Ах, ұйқымды аша алмай тұрғанымды қарашы… Сізден кешірім өтінемін… Шашым әлі ұйпалақтанып тұр…

Маленький принц не тямився од захвату:

Сонда кішкентай ханзада өзінің сүйсінуін жасыра алмай:

— Яка ви гарна!

— Қандай әдемі едіңіз! — деді.

— Правда? — тихо озвалася квітка.— I народилась я разом із сонцем…

— Солай ма? — деп наздана тіл қатты гүл. — Оның үстіне мен күннің шығуымен бір уақытта дүниеге келдім.

Маленький принц, звісно, здогадався, що красуня не надто скромна, зате вона була така прегарна!

Кішкентай ханзада оның тіпті де ұялшақ емес екенін бірден байқады, сонда да ол жаныңды елжіретерлік еді!

— Здається, пора снідати, — додала вона по хвилі.— Прошу, потурбуйтесь про мене…

Көп ұзамай керемет гүл сөзін былай деп жалғайды:
— Таңғы асты ішетін уақыт болды-ау деймін. Сіз менің қамымды ойлауды ұмытпассыз.

Збентежений маленький принц розшукав поливальницю й полив квітку.

Ыңғайсызданып қалған Кішкентай ханзада құманды тауып ала сала, гүлді салқын сумен суарды.

Скоро з’ясувалося, що красуня гордовита й вередлива, і маленький принц попомучився з нею. Якось, мовлячи про свої чотири колючки, вона заявила йому:

Осылайша, гүлдің көңілге қаяу түсіретін менмендігі оның мазасын кетірді. Мысалы, бір күні ол өзінің төрт тікенегі жайлы сөз қозғап, Кішкентай ханзадаға былай деді:

— Хай приходять хоч тигри пазуристі — не страшно!

— Тырнақтары сояудай жолбарыстар келсе келе берсін!

— На моїй планеті тигри не водяться, — відказав маленький принц, — а потім тигри не їдять трави.

— Менің планетамда жолбарыстар жоқ, — деді Кішкетай ханзада. — Оның үстіне жолбарыстар шөп жемейді ғой.

— Я не трава, — стиха кинула квітка.

— Мен шөп емеспін ғой, — деп жай ғана жауап қатты гүл.

— О, пробачте…

— Кешіріңіз…

— Тигрів я не боюся, зате терпіти не можу протягів. У вас немає ширми?

— Мен жолбарыстан қорықпаймын, алайда азынаған желді жаным жек көреді. Сізде шымылдық жоқ па?

«Не може терпіти протягів… для рослини кепсько, — подумав маленький принц.— З цією квіткою морока та й годі…»

«Азынақ желді жаны жек көреді… бұл өсімдік үшін жолы болмас нәрсе ғой, — деген ой келді кішкентай ханзадаға. — Мына гүлдің мінезі шатақ екен…»

— Увечері накрийте мене ковпаком. У вас тут надто холодно. Дуже незатишна планета. Там, звідки я прибула…

— Кеш түссе сіз мені шыны қалпақпен жаба саларсыз. Бұл жер өте суық екен. Әрі қолайсыз жерде орналасқан. Мен келген жақта болса…

I затнулася. Її занесло сюди ще зернинкою. Вона нічого не могла знати про інші світи. Навіщо брехати, коли тобі так легко завдати брехню! Красуня знітилася і кахикнула раз-другий — хай маленький принц відчує свою провину.

Алайда ол сөзін аяқтамады. Ол тек дән күйінде келген ғой. Басқа әлем жайлы білуі мүмкін емес. Өтірігі әшкере болып қалғанына намыстанып кеткен ол Кішкентай ханзаданың өзін кінәлі сезіндіру үшін екі-үш рет жөтеліп жіберді де:

— То де ж та ширма?

— Сонымен, шымылдық қайда?

— Я збирався саме по неї піти, але ж ви говорили до мене!

— Әкелуге ыңғайланып едім. Сөзіңізді аяқтатпай қалай барармын!

Тоді вона закахикала дужче — вирішила покарати його гризотами сумління.

Сол уақытта «ханзада өзін кінәлі сезініп, қинала түссін» деген оймен гүл қаттырақ жөтеле түсті.

Отож маленький принц, хоч він і любив прегарну квітку, пройнявся якоюсь недовірою. Порожні необов’язкові слова він узяв близько до серця і відчув себе нещасливим.

Осылайша Кішкентай ханзада гүлге деген сүйіспеншілігіне қарамастан, іштей күдіктене бастады. Бәлендей маңызы жоқ бос сөздерді көңіліне алған ханзада өзін нағыз бақытсыз адам ретінде сезінді.

— Не треба було слухати її, — довірливо мовив він мені якось.— Ніколи не треба слухати квітів. Треба просто милуватися ними і дихати їхніми пахощами. Моя квітка напахтила всю мою планету, а я не умів нею тішитися. Оті балачки про тигрячі пазурі… вони б мали зворушити мене, а я розгнівався…

«Мен оған құлақ аспауым керек еді, — деп сыр ақтарды бір күні ханзада. — Гүлдердің айтқанын ешқашан тыңдамау керек. Оларды тек тамашалап және хош иісін жұта беру қажет. Менің гүлім бүкіл планетамды хош иіске толтырды, бірақ та мен оған қуана алмадым. Жыртқыш аңның тырнақтары жайлы әңгіме көңілімді босатудың орнына одан сайын ашуымды келтірді…»

А ще він признавався:

Ол тағы да ағынан жарыла:

— Тоді я ще нічого не розумів! Треба було зважати не на слова, а на діла. Вона впоювала мене своїм ароматом, ряхтіла, як сонце. То чом би я мав від неї тікати? Адже за тими її нелукавими хитрощами я мав би вгадати ніжність. Квіти-бо такі свавільні! Але я був занадто молодий, щоб уміти любити.

«Мен ол кезде нені түсініппін! Гүлді сөзіне емес, ісіне қарап бағалауым керек еді. Ол мені хош иісіне бөлендіріп, өмірімді нұрландырды. Мен ешқашан одан қашпауым керек еді! Аздаған қулықтарының тасасында жатқан нәзіктігін байқай білуге тиісті едім. Гүлдер сондай қарама-қайшы жандар. Бірақ мен оны сүйе білуге тым жас едім…»

РОЗДІЛ IX

IX

Мені здається, що він утік з мандрівними птахами. Вранці того дня ретельно попорав свою планету. Дбайливо прочистив діючі вулкани. Два вулкани в нього діяли. На них було дуже зручно розігрівати сніданок.

Менің ойымша Кішкентай ханзада жабайы құстардың қоныс аударуын пайдаланып саяхатқа аттанып кеткен. Сапарға шығар күні ол ертемен планетасын жөнге келтірді. Жанып тұрған жанартауларының түтін шығар жолдарын мұқият тазартты. Оның сөнбеген екі жанартауы болатын. Бұл — таңғы асты ысытқанға өте қолайлы нәрсе.

А ще він мав один погаслий вулкан. Але, сказав він собі, мало що може статися! Отож він прочистив і згаслий вулкан. Добре прочищені вулкани горять тихо й рівно, без виверження. Виверження вулкана — все одно що пожежа в комині, як там загориться сажа.

Бұлардан басқа, оның тағы бір сөніп қалған жанартауы бар еді. Бірақ ол айтқандай, «Сақтықта қорлық жоқ», сондықтан сөніп қалған жанартауды да тазартып қойды. Егер олар жақсылап тазартылса, атылмай біркелкі әрі жай жанады емес пе. Жанартаудың атылғаны пештегі жалындаған оттай болады.

Земляни, звісно, вулканів не прочистять: для цього ми замалі. Тим-то вони й завдають нам стільки лиха.

Әрине, біздің жерімізде жанартауларды тазартуға күшіміз жетпейді, біз тым кішкентаймыз. Олардың көптеген бақытсыздыққа душар ететіні де сол себептен.

Зажурений маленький принц вирвав також останні пагінці баобабів. Він гадав, що ніколи більше не вернеться. Але того ранку звична праця здавалася йому такою любою.

Кішкентай ханзада аздаған мұңды кейіппен баобабтың соңғы шыққан сабақтарын да отап тастады. Қайтып оралмасқа бел буған сияқты. Бірақ сол таңертеңгі істеген үйреншікті жұмыстары жанына ерекше жайлы көрінді.

А коли востаннє полив квітку й лагодився накрити її ковпаком, йому навіть збиралося на плач.

Ал гүлді соңғы рет суарған соң, оны шыны қалпағымен жауып қоюға ыңғайланған кезінде жылағысы келетінін байқады.

— Прощавайте, — мовив він квітці.

— Қош бол, — деді ол гүлге.

Красуня не відповіла.

Алайда гүл жауап бермеді.

— Прощавайте, — сказав він ще раз.

— Қош, бол, — деп тағы қайталады ол.

Вона кахикнула. Не від застуди.

Гүл жөтеліп қойды. Бірақ бұл жөтел тұмаудың кесірінен емес еді.

— Я була нерозумна, — озвалася нарешті квітка.— Даруй мені. I спробуй бути щасливим.

— Мен ақымақ болған екенмін, — деді ақырында гүл. — Мен сенен кешірім өтінемін. Бақытты бол.

I ні слова докору. Маленький принц був вражений. Стояв, збентежений і знічений, з скляним ковпаком у руці. Не розумів, звідки ця погідна ніжність.

Ханзада гүлдің дауысында кінәлау болмағанына қайран қалды. Ол қолына шыны қалпақ ұстаған күйінше не қыларын білмей, қалшиып тұрып қалды. Бұл жылылықты қалай түсінерін білмеді.

— Авжеж, я люблю тебе, — почув він.— Моя вина, що ти цього не знав. Але це пусте. Ти був такий самий дурненький, як і я. Спробуй знайти свою долю… Облиш цей ковпак, він уже мені не потрібний.

— Иә, иә, мен сені жақсы көремін, — деді оған гүл. — Сенің оны білмеуің — менің кінәм. Айтып-айтпай не керек. Сенің өзің де мен сияқты ақымақ болдың. Бақытты бола гөр… Тастай сал мына шыны қалпақты. Маған оның енді қажеті жоқ.

— А вітер…

— Ал жел ызғырығы ше?

— Не так я вже й застуджена… Нічна прохолода піде мені на користь. Я ж квітка.

— Мен соншама тұмауратқаным жоқ… Түнгі салқын ауа маған пайдалы. Мен гүлмін ғой.

— А звірята…

— Жан-жануарларды қайтесің?..

— Слід перетерпіти, коли заведеться дві-три гусениці: я ж хочу познайомитися з метеликами. Здається, вони прегарні. Та й хто ж мене провідуватиме? Ти-бо будеш далеко. А великих звірів я не боюся. Я теж пазуриста.

— Көбелектермен танысқым келсе, екі-үш құртқа шыдауым керек емес пе. Көбелектер әдемі болса керек. Әйтпесе кім маған қонаққа келеді. Сен алыста болсаң, ал ірі аңдардан қорықпаймын. Менің де тырнақтарым бар ғой.

I простодушно показала свої чотири шпичаки. Потім додала:

Ол аңғырттықпен өзінің төрт тікенегін көрсетіп қойды. Сосын сөзін сабақтап:

— Та не барися, це мене дратує. Намислив іти, то йди.

— Осылайша мелшиіп тұра бересің бе, титыққа тиеді екен. Кетуге бел буған екенсің, кет, — деді.

Бо не хотіла, аби маленький принц бачив, як вона плаче. То була дуже гонориста квітка…

Бұлай айтқан себебі, гүл өзінің жылап тұрғанын оған көрсеткісі келмеді. Бұл асқан бір тәкаппар гүл еді.

РОЗДІЛ X

X

Найближче до планети маленького принца були астероїди 325, 326, 327, 328, 329 і 330. Спершу він вирушив туди: треба ж знайти якесь діло та й чогось навчитися.

Кішкентай ханзада нөмірлері 325, 326, 327, 328, 329 және 330 астероидтары орналасқан аймақта тұратын. Сондықтан ол бір нәрсемен шұғылданайын, оқып-тоқиын деген мақсатпен әуелі осыларды араламақшы болды.

На першім астероїді жив король. Убраний у шарлат і горностай, він сидів на престолі — дуже простому, а все ж величному.

Біріншісінде патша тұратын. Патша қарапайым ғана, сонысымен бірге мәртебелі тағында қызғылт құндыз шапанына оранып отыр екен.

— А ось і підданець! — гукнув король, угледівши маленького принца.

— Ә, міне бір пенде, — деп айғайлап жіберді патша Кішкентай ханзаданы көрісмен.

«Звідки він може мене знати, — подумав собі маленький принц.— Він же мене зроду не бачив!»

«Мені ешқашан көрмесе де қалайша танып қойды?» деп ойлады Кішкентай ханзада.

Він не відав, що світ для королів дуже спрощений. Для них усі люди — підданці.

Ол патшалар үшін барша адам қара халық екенін білмейтін. Қай-қайсысы болмасын, ол үшін қол астындағы адам.

— Підійди, щоб я тебе краще роздивився, — мовив король, пишаючись, що може нарешті над кимось королювати.

— Беріжақын кел, тұлға — денеңді түгел көрейін, — деді патша, ақыры біреуге патша болатынына масаттанып.

Маленький принц роззирнувся, шукаючи, куди б сісти, але пишна горностаєва керея окривала цілу планету. Отож він зостався стояти і, стоячи, позіхнув з утоми.

Кіщкентай ханзада отыратын жер іздеп жан жағына көз тастап еді, бірақ бүкіл планетаны патшаның керемет шапаны жауып қалыпты. Сондықтан, оған түрегеп тұруына тура келді. Ал шаршағандықтан тіпті есінеп жіберді.

— Етикет не дозволяє позіхати перед монархом, — вирік король.— Я забороняю тобі позіхати.

— Патшаның алдында есінеген әдептілікке қайшы келеді, — деді оған патша. — Мен саған есінеуге тыйым саламын.

— Не можу стриматися, — відказав маленький принц, страшенно знічений.— Я здорожився і зовсім не спав.

— Байқамай қалдым, — деп жауап берді сасып қалған Кішкентай ханзада. Ұзақ жол жүріп ұйықтамап едім…

— Ну, тоді наказую тобі позіхати, — сказав йому король.— Я багато років не бачив, щоб хтось позіхав. Мені це навіть цікаво. Тож позіхай ще. Це моє повеління.

— Олай болса, — деді патша, — мен сған есінеуге бұйрық беремін. Көп жылдардан бері біреудің есінегенін көрмеп едім. Есінеген мен үшін таңсық нәрсе. Кәнеки, тағы да есіне! Бұл — бұйрық.

— Це мене лякає… більше не можу…— відповів маленький принц і весь зашарівся.

— Қысылып тұрғаным… Қайта есіней алмаймын…, — деді Кішкентай ханзада қызарақтап.

— Гм… гм… Тоді…— озвався король, — тоді я велю тобі то позіхати, то…

— Ім, ім! Онда мен саған бірде есінеп, бірде…

Король аж запинався і, здається, навіть розсердився.

Ол аздап күмілжіп қалды. өкпелегн сиқы бар.

Бо для короля найважливіше, щоб його шанували. Непослуху він не стерпів би. Був то абсолютний монарх. Але він був дуже добрий і тому давав тільки розумні накази.

Патша үшін ең маңызды нәрсе — оның айтқанын екі етпей, бас ию ғой. Бағынбаушылықты ол көтермейді. Бұл билігі шексіз патшаның өзі болатын. Бірақ ол тым мейірімді болғандықтан, ақылға сиялықтай жарлықтар беретін.

«Якби я, — любив казати він, — якби я звелів своєму генералові перекинутися морською чайкою, а генерал не виконав би мого наказу, то це була б не його провина. Винен був би я».

«Егер мен генералға теңіз құсына айнал деп әмір етсем, ол оны орындаудан бас тартса, бұған генерал айыпты емес. Бұл менің кінәм болады», — деп жиі қайталайтын патша.

— Можна сісти мені? — несміливо спитав маленький принц.

— Отыруыма рұқсат па екен? — деп имене сұралы кішкентай ханзада.

— Велю тобі: сідай! — одрік король і велично підгорнув полу своєї горностаєвої киреї.

— Мен саған отыруға әмір етемін! — деп жауап берді патша, шапанының бір жақ етегін жинастыра түсіп.

Одне вражало маленького принца: планетка така манюсінька. Над ким же владарює король?

Бірақ Кішкентай ханзада аң-таң болды. Планета құйттай-ақ. Бұл патша сонда кімді басқарады?

— Ваша величносте, — мовив він, — можна вас запитати…

— Тақсыр…, Сізден кешірім өтінемін. Сұрақ қоюыма болар ма екен? — деді ол.

— Велю тобі: запитуй! — квапливо сказав король.

— Мен саған сұрақ қой деп бұйырамын! — деді патша жалма-жан.

— Ваша величносте… чим ви правите?

— Алдияр, сіз кімге патщалық етесіз?

— Усім, — дуже просто одказав король.

— Барлығына, — деп қарапайым ғана жауап қатты патша.

— Усім?

— Барлығына?

Король скромним жестом показав на свою планету, а також на інші планети й зірки.

Патша қолымен өзнің планетасын, басқа планеталар мен жұлдыздарды нұсқады.

— I всім цим ви правите? — перепитав маленький принц.

— Осының бәріне ме? — деді Кішкентай ханзада.

— Усім, — одрік король.

— Осының бәріне, — деп жауап берді патша.

Він-бо був не лише абсолютний монарх, а й цар усесвітній.

Бұлай дейтін себебі, бұл патша жай билеуші ғана болып қоймай, оған қоса шексіз ғарыштың дара билеушісі еді.

— I зірки скоряються вам?

— Ал жұлдыздар сізге бағына ма?

— Авжеж, — притакнув король.— Зірки виконують мої повеління негайно. Непослуху я не потерплю.

— Әрине, — деді оған патша. — Жұлдыздар айтқанды екі етпейді. Мен тәртіпсіздікке төзбеймін.

Така могутність викликала в маленького принца захват. От би йому таку владу, тоді б він зміг милуватися заходом сонця не сорок три рази на день, а сімдесят два, а то й сто, і двісті разів, і навіть стільця не пересуваючи!

Осынша құдіретті билік Кішкентай ханзаданы қайран қалдырды. Оның қолында осындай билік болған болса, орындығын еш қозғаалтпастан-ақ күніне қырық төрт рет қана емес, жетпіс екі тіпті жүз немесе екі жүз рет күннің батқан мезетін қызықтайтын еді!

Згадавши свою покинуту планетку, він трошки зажурився і зважився попросити в короля:

Тастап кеткен кішкентай планетасы есіне түсіп, аздап қамығып қалған ол патшаға мынадай өтініш жасауға тәуекел етті:

— Я б хотів подивитись, як сідає сонце… Зробіть мені ласку… Звеліть сонцеві зайти…

— Мен күннің батқанын көргім келеді… Раөым етіңізші… Күнге ұямына қонуға әмір етіңізші…