Кішкентай ханзада / Le Petit Prince — w językach kazachskim i francuskim. Strona 2

Kazachsko-francuska dwujęzyczna książka

Антуан де Сент-Экзюпери

Кішкентай ханзада

Antoine de Saint-Exupéry

Le Petit Prince

IV

CHAPITRE IV

Осылайша, мен екінші бір маңызды жаңалықтың бетін аштым: баланың тұратын планетасы үйден сәл ғана үлкен екен.

J’avais ainsi appris une seconde chose très importante: C’est que sa planète d’origine était à peine plus grande qu’une maison!

Бұл жайт мені онша таң қалдыра қойған жоқ. Аттары Жер, Юпитер, Марс, Шолпан сияқты ірі планеталардан басқа да жүздеген, кейде майда болғандары сонщалық, қуатты дүрбімен көзге әрең шалынатын жұлдыздар да бар екенін жақсы білетінмін.

Ça ne pouvait pas m’étonner beaucoup. Je savais bien qu’en dehors des grosses planètes comme la Terre, Jupiter, Mars, Vénus, auxquelles on a donné des noms, il y en a des centaines d’autres qui sont quelquefois si petites qu’on a beaucoup de mal à les apercevoir au télescope.

Астроном осындай бір жұлдыз таба қалған жағдайда, оған ат қоймай нөмірлей салатын. Мысалы, «3251 астероид» деп атай салады.

Quand un astronome découvre l’une d’elles, il lui donne pour nom un numéro. Il l’appelle par exemple: «l’astéroïde 3251.»

Кішкентай ханзада «Б-612 астероид» деп аталатын планетадан келген деп жорамалдауына нақты себеп бар.

J’ai de sérieuses raisons de croire que la planète d’où venait le petit prince est l’astéroïde B 612.

Бұл жұлдызды тек бір мәрте ғана, 1909 жылы түрік астрономы қуатты дүрбі арқылы байқап қалған.

Cet astéroïde n’a été aperçu qu’une fois au télescope, en 1909, par un astronome turc.

Ғалым өзінің ашқан жаңалығын Халықаралық астрономиялық конгрессте дүние жүзіне паш етеді. Бірақ оған ешкім сенбеген, өйткені ол ұлттық түрік киімін киіп шыққан екен. Үлкендер — осындай халық!

Il avait fait alors une grande démonstration de sa découverte à un Congrès International d’Astronomie. Mais personne ne l’avait cru à cause de son costume. Les grandes personnes sont comme ça.

Бір тәуірі, түрік сұлтаны Б-612 жұлдызының атын сақтап қалу үшін, өз халқын еуропалықтарша киінуге мәжбүр еткен. Көнбегендерді өлім жазасымен қорқытқан.

Heureusement pour la réputation de l’astéroïde B 612 un dictateur turc imposa à son peuple, sous peine de mort, de s’habiller à l’Européenne.

1920 жылы сәнге сәйкес әдемі киінген астроном өзінің жаңалығы жайында тағы бір баян етеді. Бұл жолы барша жұрт оның айтқанын құптайды.

L’astronome refit sa démonstration en 1920, dans un habit très élégant. Et cette fois-ci tout le monde fut de son avis.

Менің сіздерге Б-612 жұлдызы жайлы тәптіштеп айтып, оның нөміріне шейін атап жатқаныма үлкендер кінәлі. Үлкендер есеп-сандарды ұнатады.

Si je vous ai raconté ces détails sur l’astéroïde B 612 et si je vous ai confié son numéro, c’est à cause des grandes personnes. Les grandes personnes aiment les chiffres.

Сіз оларға жаңа дос таптым десеңіз, олар ең басты нәрсе жайлы сұрамайды. Олар сізден: «Досыңның даусы қандай екен? Ол қандай ойынды ұнатады? Көбелектер жинай ма екен?» деп ешқашан сұрамайды.

Quand vous leur parlez d’un nouvel ami, elles ne vous questionnent jamais sur l’essentiel. Elles ne vous disent jamais: «Quel est le son de sa voix? Quels sont les jeux qu’il préfère? Est-ce qu’il collectionne les papillons?»

Үлкендер сізге: «Жасы қаншада? Қанша ағайынды екен? Салмағы қанша? Әкесі қанша табады екен?» деген сұрақтар қояды. Сонда ғана үлкендер ол адамды жақсы білеміз деп ойлайды.

Elles vous demandent: «Quel âge a-t-il? Combien a-t-il de frères? Combien pèse-t-il? Combien gagne son père?» Alors seulement elles croient le connaître.

Егерде сіз үлкен кісілерге: «Мен қызыл кірпіштен салынған әдемі үй көрдім, терезесінде гүл өсіп, шатырдың үстінде көгершіндер ұшып жүр десеңіз, олар сол үйді көз алдарына елестете алмайды. Сол үшін оларға былай түсіндіру керек: «Мен жүз мың франк тұратын үйді көрдім». Сонда ғана олар: «Қандай тамаша!» деп тамсанады.

Si vous dites aux grandes personnes: «J’ai vu une belle maison en briques roses, avec des géraniums aux fenêtres et des colombes sur le toit…» elles ne parviennent pas à s’imaginer cette maison. Il faut leur dire: «J’ai vu une maison de cent mille francs.» Alors elles s’écrient: «Comme c’est joli!»

Осы сияқты сіз үлкендерге: «Кішкентай ханзаданың осы өмірде шынымен болғанына, оның сүйкімді жүзі, күлкісі немесе қошақан сұрағаны дәлел бола алады» немесе «Қошақаным болсын деп тілеген баланың осы дүниеде бар екеніне күмәніңіз бар ма?» десеңіз, үлкендер иықтарын қусырып, сізді былдырлаған жас балаға теңейді!

Ainsi, si vous leur dites: «La preuve que le petit prince a existé c’est qu’il était ravissant, qu’il riait, et qu’il voulait un mouton. Quand on veut un mouton, c’est la preuve qu’on existe» elles hausseront les épaules et vous traiteront d’enfant!

Ал егер сіз оларға «Ханзада Б-612 жұлдызынан ұшып келген» десеңіз, олар сізге сеніп, өз сұрақтарымен мазаңызды алмайды. Міне, үлкендер осындай. Оларға ашуланудың қажеті жоқ. Балалар үлкендерге мейірімділікпен қарап, олардың кемшіліктерін кешіре білулері керек.

Mais si vous leur dites: «La planète d’où il venait est l’astéroïde B 612» alors elles seront convaincues, et elles vous laisseront tranquille avec leurs questions. Elles sont comme ça. Il ne faut pas leur en vouloir. Les enfants doivent être très indulgents envers les grandes personnes.

Өмір дегеннің не екенін жақсы білетін біз, әрине, нөмірлерге пысқырып та қарамаймыз! Мен бұл оқиғамды ғажайып ертегідегідей етіп бастаушы едім. Анықтап айтсақ, былай деп бастар едім:

Mais, bien sûr, nous qui comprenons la vie, nous nous moquons bien des numéros! J’aurais aimé commencer cette histoire à la façon des contes de fées. J’aurais aimé dire:

«Ерте, ерте, ертеде кішкентай бір ханзада болыпты. Ол өзінен сәл ғана үлкен планетада тұрып, досқа өте зәру болыпты…». Өмірді жақсы түсінетіндер үшін бұл күмән келтірмейтін шындық.

«Il était une fois un petit prince qui habitait une planète à peine plus grande que lui, et qui avait besoin d’un ami…» Pour ceux qui comprennent la vie, ça aurait eu l’air beaucoup plus vrai.

Мұны айтып жатқан себебім, менің кітабымды тек ермек үшін жеңіл-желпі оқығанын қаламаймын. Бұл оқиғаны баяндап беру оңайға түспес. Менің досым қошақанымен бірге мені тастап кеткеніне мінеки алты жыл толды. Сондықтан досымды ұмытпау үшін, ол туралы сыр шертпекпін.

Car je n’aime pas qu’on lise mon livre à la légère. J’éprouve tant de chagrin à raconter ces souvenirs. Il y a six ans déjà que mon ami s’en est allé avec son mouton. Si j’essaie ici de le décrire, c’est afin de ne pas l’oublier.

Досты ұмытқан деген — көңілсіз нәрсе. Досы бар адамдар аз. Мен де тек сандарға ғана қызығатын ересектерге ұқсап кетуім мүмкін еді ғой.

C’est triste d’oublier un ami. Tout le monde n’a pas eu un ami. Et je puis devenir comme les grandes personnes qui ne s’intéressent plus qu’aux chiffres.

Солай болып кетпеу үшін, мен бір қорап түрлі-түсті қарындаштар мен бояулар сатып алдым. Мүмкін, менің жасымда суретпен айналысу қиындау болар. Оның үстіне мен алты жасымда айдаһар жыланның ішкі және сыртқы кейпін бейнелегеннен басқамен айналыспадым ғой.

C’est donc pour ça encore que j’ai acheté une boîte de couleurs et des crayons. C’est dur de se remettre au dessin, à mon âge, quand on n’a jamais fait d’autres tentatives que celle d’un boa fermé et celle d’un boa ouvert, à l’âge de six ans!

Әрине, барынша ұқсатып бағуға тырыстым. Бірақ та ойлағанымдай болатынына көзім жетпейді. Бір суретте пішіні шықса, екіншісінде тіптен ұқсамайды.

J’essaierai, bien sûr, de faire des portraits le plus ressemblants possible. Mais je ne suis pas tout à fait certain de réussir. Un dessin va, et l’autre ne ressemble plus.

Бойын да дұрстап ұқсата алмадым. Мынаусында кішкентай ханзаданың бойы биік болып шықса, екіншісінде тым аласа. Киімінің түсін де ұмытыңқырап қалыппын. Олай да, былай да салғансыдым.

Je me trompe un peu aussi sur la taille. Ici le petit prince est trop grand. Là il est trop petit. J’hésite aussi sur la couleur de son costume. Alors je tâtonne comme ci et comme ça, tant bien que mal.

Мен кейбір маңызды жайттарды сиапаттағанда қате жіберуім де мүмкін. Оным үшін кешірім өтінемін. Менің достым ештеңені тәптіштеп түсіндірген емес. Мүмкін, ол мені дәл өзіндей деп ойлаған шығар. Бірақ, өкінішке орай мен қошақанды жабық жәшіктен көре алмаймын. Мүмкін, мен аздап үлкендер сияқты шығармын. Сірә, мен қартайған болармын.

Je me tromperai enfin sur certains détails plus importants. Mais ça, il faudra me le pardonner. Mon ami ne donnait jamais d’explications. Il me croyait peut-être semblable à lui. Mais moi, malheureusement, je ne sais pas voir les moutons à travers les caisses. Je suis peut-être un peu comme les grandes personnes. J’ai dû vieillir.

V

CHAPITRE V

Әр күн сайын мен оның планетасы және сапарға аттанған кезі жайындағы хабарлардың шет-жағасын біліп отырумен болдым. Абайсызда айтылып қалған ой-пікірлер сол жұмбақтың шешуін табуға жол көрсеткендей болады. Осылайша мен бао-баб қасіреті туралы үшінші күні білдім.

Chaque jour j’apprenais quelque chose sur la planète, sur le départ, sur le voyage. Ça venait tout doucement, au hasard des réflexions. C’est ainsi que, le troisième jour, je connus le drame des baobabs.

Бұл жолы да әңгіме сол қошақанның арқасында басталып кетті. Өйткені ханзада кенеттен күмәндана қалып, менен былай деп сұрады:

Cette fois-ci encore ce fut grâce au mouton, car brusquement le petit prince m’interrogea, comme pris d’un doute grave:

— Айтшы, қойдың бұталарды жейтіні рас па?

— C’est bien vrai, n’est-ce pas, que les moutons mangent les arbustes?

— Иә, ол рас.

— Oui. C’est vrai.

— О! Онысына ризамын.

— Ah! Je suis content.

Қойдың бұталарды жейтіні неге сонша маңызды екенін әлі түсіне қоймадым. Кішкентай ханзада оған қоса былай деді:

Je ne compris pas pourquoi il était si important que les moutons mangeassent les arbustes. Mais le petit prince ajouta:

— Демек, қой баобабтарды да жейтін болғаны ғой?

— Par conséquent ils mangent aussi les baobabs?

Мен баобабтың бұта емес, шіркеудің биіктігімен бірдей үлкен ағаш екенін, пілдердің бір үйірін жинап апарса да, баобабтың біреуін де жеп бітіре алмайтынын түсіндіріп бақтым.

Je fis remarquer au petit prince que les baobabs ne sont pas des arbustes, mais des arbres grands comme des églises et que, si même il emportait avec lui tout un troupeau d’éléphants, ce troupeau ne viendrait pas à bout d’un seul baobab.

Пілдердің үйірі туралы естігенде, Кіщкентай ханзада күліп жіберді:

L’idée du troupeau d’éléphants fit rire le petit prince:

— Онда пілдерді бірінің үстіне бірін шығарып қою керек болар еді.

— Il faudrait les mettre les uns sur les autres…

Сосын данышпансыған түрмен:

Mais il remarqua avec sagesse:

— Баобаб ағашы биік болып өскенге дейін аласа бұта болмай ма?

— Les baobabs, avant de grandir, ça commence par être petit.

— Дәл солай! Бірақ та неге сен қойдың жас баобаб бұталарын жегенін қалайсың?

— C’est exact! Mais pourquoi veux-tu que tes moutons mangent les petits baobabs?

Екінің біріне белгілі жайт сияқты. «О не дегенің?!» — деп таңданды ол.

Il me répondit: «Ben! Voyons!» comme s’il s’agissait là d’une évidence.

Мәселенің не нәрседе екенін түсінгенше біраз бас қатыруыма тура келді.

Et il me fallut un grand effort d’intelligence pour comprendre à moi seul ce problème.

Шындығына келгенде, Кішкентай ханзаданың планетасында басқа жерлердегі сияқты пайдалы шөптер мен арам шөптер өседі екен. Ендеше жақсы ұрықтан құнарлы шөптің немесе зиянды ұрықтан арам шөптің өсетіні белгілі.

Et en effet, sur la planète du petit prince, il y avait comme sur toutes les planètes, de bonnes herbes et de mauvaises herbes. Par conséquent de bonnes graines de bonnes herbes et de mauvaises graines de mauvaises herbes.

Алайда өсімдік ұрықтары көзге көрінбейді ғой. Олар жер қойнауында, біреуі қылтиып бой көтергенше, жата береді. Әуелі біреуі қылтиып шығып, күнге қарай талпынған, ешкімге зияны жоқ әдемі өсімдіктің сабағына айналады.

Mais les graines sont invisibles. Elles dorment dans le secret de la terre jusqu’à ce qu’il prenne fantaisie à l’une d’elles de se réveiller. Alors elle s’étire, et pousse d’abord timidement vers le soleil une ravissante petite brindille inoffensive.

Егерде шалғам немесе бір шоқ раушан гүлінің сабағы болса, өсіре беруге болады. Ал егер арам шөп екеніне көзің жетсе, ол өсімдікті тамырымен қоса сол мезетте жұлып тастау керек.

S’il s’agit d’une brindille de radis ou de rosier, on peut la laisser pousser comme elle veut. Mais s’il s’agit d’une mauvaise plante, il faut arracher la plante aussitôt, dès qu’on a su la reconnaître.

Ал Кішкентай ханзаданың планетасында аса зор зиянды ұрықтар болған. Ол — баобабтың ұрықтары. Планета қойнауы осындай ұрықтарға толып кеткен.

Or il y avait des graines terribles sur la planète du petit prince… c’étaient les graines de baobabs. Le sol de la planète en était infesté.

Егер уақытысында құртпасаң, баобабтан ешқашан да құтыла алмайсың. Ол бүкіл планетаны жаулап алады. Оның қойнауын тамырымен жарып шығады. Егер де планета тым кішкене, ал баобаб ағашы тым көп болса, олар планетаны жарып, бөлшектеп жібереді.

Or un baobab, si l’on s’y prend trop tard, on ne peut jamais plus s’en débarrasser. Il encombre toute la planète. Il la perfore de ses racines. Et si la planète est trop petite, et si les baobabs sont trop nombreux, ils la font éclater.

— Бұл әрине тәртіп мәселесі, — деді маған Кішкентай ханзада кейінірек. Таңертең ұйқыдан тұрып, жуынып-шайынып болған соң, планетаңды ретке келтіруге көшу керек. Баобаб пен раушан гүл бұтасы балауса шақтарында өте ұқсас. Сондықтан баобабты ажырата салысымен, күнделікті отап отыруға тиіссің. Бұл іш пыстыратын, бірақ еш қиыншылығы жоқ жұмыс.

— C’est une question de discipline, me disait plus tard le petit prince. Quand on a terminé sa toilette du matin, il faut faire soigneusement la toilette de la planète. Il faut s’astreindre régulièrement à arracher les baobabs dès qu’on les distingue d’avec les rosiers auxquels ils ressemblent beaucoup quand ils sont très jeunes. C’est un travail très ennuyeux, mais très facile.

Сосын, бір күні Кішкентай ханзада осыны балалардың миына жақсылап құйып қою үшін, маған әдемі бір сурет салып көруге кеңес берді.

Et un jour il me conseilla de m’appliquer à réussir un beau dessin, pour bien faire entrer ça dans la tête des enfants de chez moi.

«Егер олар саяхатқа шықса, керектеріне жарар. Кейде істер ісіңді кейінге қалдырғаннан зиян нәрсе жоқ. Ал егер баобабқа ерік берсең, пәлеге душар боласың. Тұрғыны жалқау бір планетаны білуші едім. Ол дер кезінде үш бұтаға көңіл бөлмей, ақырында…»

— S’ils voyagent un jour, me disait-il, ça pourra leur servir. Il est quelquefois sans inconvénient de remettre à plus tard son travail. Mais, s’il s’agit des baobabs, c’est toujours une catastrophe. J’ai connu une planète, habitée par un paresseux. Il avait négligé trois arbustes…

Кішкентай ханзаданың нұсқауы бойынща, осы планетаның суретін салдым. Елге ақыл айтқанды жаным жек көреді. Бірақ баобабтың қаншама қауіп төндіретінін екінің бірі біле бермегендіктен және астероид үшін бұл қатер өте қомақты болғандықтан, осы жолы әдеттегі ұстамдылығымнан бас тартуға бел будым.

Et, sur les indications du petit prince, j’ai dessiné cette planète-là. Je n’aime guère prendre le ton d’un moraliste. Mais le danger des baobabs est si peu connu, et les risques courus par celui qui s’égarerait dans un astéroïde sont si considérables, que, pour une fois, je fais exception à ma réserve.

«Балалар, баобабқа сақ болыңдар!» — деймін мен. Талайдан бері қасында төніп тұрған қауіпті байқамаған, өзім сияқты бейхабар болған достарымды сақтандырып қою үшін, бұл суретті салуға бар күшімді жұмсадым. Бермекші болған сабағым оған тұрарлықтай еді.

Je dis: «Enfants! Faites attention aux baobabs!» C’est pour avertir mes amis d’un danger qu’ils frôlaient depuis longtemps, comme moi-même, sans le connaître, que j’ai tant travaillé ce dessin-là. La leçon que je donnais en valait la peine.

Мүмкін, сіз бұл кітапта баобаб бейнеленген суреттей тамаша салынған суреттер неге жоқ деп те ойларсыз? Жауабы өте оңай: мен тырысып-ақ бақтым, бірақ қолымнан мардымды нәрсе шықпады. Ал, баобабты салғанда, бұл суреттің кешіктіруге болмайтын маңызды хабар жеткізетіндігі маған үлкен шабыт берді.

Vous vous demanderez peut-être: Pourquoi n’y a-t-il pas, dans ce livre, d’autres dessins aussi grandioses que le dessin des baobabs? La réponse est bien simple: J’ai essayé mais je n’ai pas pu réussir. Quand j’ai dessiné les baobabs j’ai été animé par le sentiment de l’urgence.

VI

CHAPITRE VI

Иә, Кішкентай ханзада! Сенің мұңды өміріңді біртіндеп, түсіне бастаған сияқтымын. Ұзақ уақыт бойына сенің көңіліңді аулап жүрген нәрсе тек күннің батқанын қызықтау ғана екен. Мен бұл жайында төртінші күні таңертең сен былай дегенде ғана білдім:

Ah! petit prince, j’ai compris, peu à peu, ainsi, ta petite vie mélancolique. Tu n’avais eu longtemps pour distraction que la douceur des couchers de soleil. J’ai appris ce détail nouveau, le quatrième jour au matin, quand tu m’as dit:

— Мен алаулап батқан күнді жақсы көремін. Жүр, күннің батқанын көрейік.

— J’aime bien les couchers de soleil. Allons voir un coucher de soleil…

— Қоя тұр, күте тұруға тура келеді.

— Mais il faut attendre…

— Нені күту керек?

— Attendre quoi?

— Күннің батуын күту керек.

— Attendre que le soleil se couche.

Сен әуелі аң-таң болып қалдың да, сосын өзіңнен-өзің күліп жіберіп, маған былай дедің:

Tu as eu l’air très surpris d’abord, et puis tu as ri de toi-même. Et tu m’as dit:

— Мен өзімді үнемі өз үйімде жүргендей сезінемін!

— Je me crois toujours chez moi!

Шынында да осылай. Америка Құрама Штаттарында шаңқай түс болғанда, Францияда күн бататыны барша жұртқа белгілі. Бір минутта Франциға жете алатын болсаң, күннің батқанын қызықтау мүмкін болар еді.

En effet. Quand il est midi aux États-Unis, le soleil, tout le monde le sait, se couche sur la France. Il suffirait de pouvoir aller en France en une minute pour assister au coucher de soleil.

Өкінішке орай, Франция өте алыс. Ал сенің кішкентай планетаңда алаулап қызара батқан күнді қызықтау үшін орындықты бірнеше қадамға жылжытудың өзі де жеткілікті еді. Сөйтіп, сенің көңілің ауса болды, ымырт түсіп келе жатқан көкжиекке көз тігетінсің…

Malheureusement la France est bien trop éloignée. Mais, sur ta si petite planète, il te suffisait de tirer ta chaise de quelques pas. Et tu regardais le crépuscule chaque fois que tu le désirais…

— Бір күні мен күннің батқанын қырық үш рет тамашаладым!

— Un jour, j’ai vu le soleil se coucher quarante-trois fois!

Біраздан соң сөзіңді былай деп жалғадың:

Et un peu plus tard tu ajoutais:

— Сен білесің бе? Әбден мұңға батқан кезінде адамдар күннің ұясына барып қонғанына қарағанды жақсы көреді.

— Tu sais… quand on est tellement triste on aime les couchers de soleil…

— Ендеше күннің қырық үш рет батқанын көрген кезіңде көңілің тым жүдеу болған екен ғой?

— Le jour des quarante-trois fois tu étais donc tellement triste?

Кішкентай ханзада жауап қайтармады.

Mais le petit prince ne répondit pas.

VII

CHAPITRE VII

Бесінші күн тағы да қошақанның арқасында, Кішкентай ханзаданың өмірі жайлы мына бір құпия сыр ашылды. Ол үнсіз ойға шомып тұрды да, кенеттен ай-шай жоқ:

Le cinquième jour, toujours grâce au mouton, ce secret de la vie du petit prince me fut révélé. Il me demanda avec brusquerie, sans préambule, comme le fruit d’un problème longtemps médité en silence:

— Қошақан бұталарды жейтін болса, сірә, гүлдерді де жейтін болар? — деп сұрады.

— Un mouton, s’il mange les arbustes, il mange aussi les fleurs?

— Кездескенін жей береді.

— Un mouton mange tout ce qu’il rencontre.

— Тікенегі бар гүлді де ме?

— Même les fleurs qui ont des épines?

— Иә, тікенегі бар гүлді де.

— Oui. Même les fleurs qui ont des épines.

— Сонда тікенектің не қажеті бар?

— Alors les épines, à quoi servent-elles?

Мен онысын білмедім. Сол мезетте мен мотордың қатты бұралған бір бұрандасын босатудан қолым тимей жатқан еді. Ұшағымның бұзылғаны мені қатты қынжылта бастады. Өйткені, ақаудың жөнделуі қиындау көрінеді, оған қоса судың азайып бара жатқаны жақсылықпен бітпес деген алаңдаушылық туғызды.

Je ne le savais pas. J’étais alors très occupé à essayer de dévisser un boulon trop serré de mon moteur. J’étais très soucieux car ma panne commençait de m’apparaître comme très grave, et l’eau à boire qui s’épuisait me faisait craindre le pire.

— Тікенектер не үшін қажет?

— Les épines, à quoi servent-elles?

Кішкентай ханзада қойған сұрағына жауап алмай тынбайтын. Ұшақтың бұрандасы әбден титығыма тиген мен аузыма түскен нәрсені айта салдым:

Le petit prince ne renonçait jamais à une question, une fois qu’il l’avait posée. J’étais irrité par mon boulon et je répondis n’importe quoi:

— Тікенектердің ештеңеге керегі жоқ, гүлдер оларды тек долылықтан өсіріп шығарады!

— Les épines, ça ne sert à rien, c’est de la pure méchanceté de la part des fleurs!

— Солай де!

— Oh!

Ол біраз үндемей қалғаннан кейін барып даусынан әлдеқандай ренішті байқата былай деп салды:

Mais après un silence il me lança, avec une sorte de rancune:

— Мен саған сенбеймін! Гүлдер болса әлсіз. Әрі ақкөңіл. Олар қолдарынан келгенінше өздерін өздері жұбатады. Олар өздерін тікенектерінің арқасында үрейлі сезінеді.

— Je ne te crois pas! Les fleurs sont faibles. Elles sont naïves. Elles se rassurent comme elles peuvent. Elles se croient terribles avec leurs épines…

Мен жауап қатпадым. Дәл сол мезетте: «Егер мына бұранда қатайған күйінде тұра берсе, балғамен бір ұрып сындырамын» деп ойлап тұрғанмын.

Je ne répondis rien. À cet instant-là je me disais: «Si ce boulon résiste encore, je le ferai sauter d’un coup de marteau.» Le petit prince dérangea de nouveau mes réflexions:

— Сонда сенің ойыңша гүлдер…

— Et tu crois, toi, que les fleurs…

— Жоқ! Жоқ! Мен түк те ойламаймын! Мен саған не болса соны айта салдым. Маңызды нәрсемен айналысып жатқанымды көріп тұрсың ғой!

— Mais non! Mais non! Je ne crois rien! J’ai répondu n’importe quoi. Je m’occupe, moi, de choses sérieuses!

Ол маған таңырқай қарады.

Il me regarda stupéfiait.

— Маңызды нәрсемен!

— De choses sérieuses!

Ханзада қолымда балға, саусақтарым майдан қап-қара болып, түрлі сұрықсыз затқа үңіліп тұрған маған қарап тұрды да:

Il me voyait, mon marteau à la main, et les doigts noirs de cambouis, penché sur un objet qui lui semblait très laid.

— Сен үлкендерше сөйлеп тұрсың! — деді.

— Tu parles comme les grandes personnes!

Мен ұялыңқырап қалдым. Ал ол қатаң түрде сөзін қайта сабақтады:

Ça me fit un peu honte. Mais, impitoyable, il ajouta:

— Сен бәрін шатастырып жібердің. Ештеңені түсініп тұрған жоқсың!

— Tu confonds tout… tu mélanges tout!

Ол шынымен ызаланды. Алтын түсті шашы желмен желбіреп:

Il était vraiment très irrité. Il secouait au vent des cheveux tout dorés:

— Мен қызыл қошқыл бетті кісі тұратын бір планетаны білемін. Ол адам өмірінде гүл иіскеп көрген емес. Ол ешқаншан жұлдызға қараған емес. Бірде-бір адамды жақсы көрмеген. Қолынан бар келгені есептеп қосу ғана. Сондағы күні бойы қайталап айтатыны дәл сен сияқты: «Мен ақылды адаммын! Мен ақылды адаммын!» Тәкаппарлықтан тіпті існіп кететін. Шындығына келгенде ол адам емес, ол — саңырауқұлақ!

— Je connais une planète où il y a un Monsieur cramoisi. Il n’a jamais respiré une fleur. Il n’a jamais regardé une étoile. Il n’a jamais aimé personne. Il n’a jamais rien fait d’autre que des additions. Et toute la journée il répète comme toi: «Je suis un homme sérieux! Je suis un homme sérieux!» et ça le fait gonfler d’orgueil. Mais ce n’est pas un homme, c’est un champignon!

— Немене?!

— Un quoi?

— Саңырауқұлақ!

— Un champignon!