あのときの王子くん / Кішкентай ханзада — w językach japońskim i kazachskim. Strona 7

Japońsko-kazachska dwujęzyczna książka

アントワーヌ・ド・サン=テグジュペリ

あのときの王子くん

Антуан де Сент-Экзюпери

Кішкентай ханзада

でも、じっくりかんがえてみて、こうつけくわえた。

Бірақ біраз ойланып тұрды да, былай деді:

「〈なつける〉って、どういうこと?」

— «Қолға үйрету» деген нені білдіреді?

「このあたりのひとじゃないね。」とキツネがいった。「なにかさがしてるの?」

— Сен жатжерлік екенсің, — деді түлкі. — Бұл жерде не іздеп жүрсің?

「ひとをさがしてる。」と王子くんはいった。「〈なつける〉って、どういうこと?」

— Адамдарды іздеп жүрмін, — деді Кішкентай ханзада. — «Қолға үйрету» деген нені білдіреді?

「ひと。」とキツネがいった。「あいつら、てっぽうをもって、かりをする。いいめいわくだよ! ニワトリもかってるけど、それだけがあいつらのとりえなんだ。ニワトリはさがしてる?」

— Адамдар, — деді түлкі, — олар мылтық ұстап, аң аулайды. Бұл өте ыңғайсыз нәрсе. Тағы олар тауық өсіреді. Бар жақсылықтары сол. Сен тауық іздеп жүрген жоқсың ба?

「ううん。」と王子くんはいった。「友だちをさがしてる。〈なつける〉って、どういうこと?」

— Жоқ, деді Кішкентай ханзада, — мен дос іздеп жүрмін. «Қолға үйрету» деген нені білдіреді?

「もうだれもわすれちゃったけど、」とキツネはいう。「〈きずなをつくる〉ってことだよ……」

— Бұл көбінесе ұмытылып кететін нәрсе, — деді түлкі. — Ол дегеніміз «байланыс туғызу…»

「きずなをつくる?」

— Байланыс туғызу?

「そうなんだ。」とキツネはいう。「おいらにしてみりゃ、きみはほかのおとこの子10まんにんと、なんのかわりもない。きみがいなきゃダメだってこともない。きみだって、おいらがいなきゃダメだってことも、たぶんない。きみにしてみりゃ、おいらはほかのキツネ10まんびきと、なんのかわりもないから。でも、きみがおいらをなつけたら、おいらたちはおたがい、あいてにいてほしい、っておもうようになる。きみは、おいらにとって、せかいにひとりだけになる。おいらも、きみにとって、せかいで1ぴきだけになる……」

— Әрине, — деді түлкі. — Сен мен үшін дүниедегі жүз мыңдаған кішкене балалардың бірісің. Сондықтан да сенің маған керегің жоқ. Ал менің саған түкке де қаажетім жоқ. Мен сен үшін жүз мыңдаған түлкінің бірі ғанамын. Егерде сен мені қолға үйретсең, онда біз бір-бірімізді қажет етеміз. Сен мен үшін бүкіл әлемдегі бір ғана жан болар едің. Мен де сенің жалпақ дүниедегі жалғызың боламын…

「わかってきた。」と王子くんはいった。「いちりんの花があるんだけど……あの子は、ぼくをなつけたんだとおもう……」

— Мен түсіне бастааған сияқтымын, — деді Кішкентай ханзада. Бір гүл бар… меніңше ол менің қолға үйретіп алған сияқты…

「かもね。」とキツネはいった。「ちきゅうじゃ、どんなことだっておこるから……」

— Әбден мүмкін, — деді түлкі. Жер бетінде неше түрлі нәрселер болып жатады…

「えっ! ちきゅうの話じゃないよ。」と王子くんはいった。

— Бұл жер бетінде болған жоқ, — деді Кішкентай ханзада.

キツネはとってもふしぎがった。

Түлкі таң қалған кейіппен:

「ちがう星の話?」

— Басқа планетада ма?

「うん。」

— Иә.

「その星、かりうどはいる?」

— Ол планетада аңшылар бар ма?

「いない。」

— Жоқ!

「いいねえ! ニワトリは?」

— Міне, қызық! Ал тауықтар ше?

「いない。」

— Жоқ.

「そううまくはいかないか。」とキツネはためいきをついた。

—Кемшіліксіз нәрсе болмайды, — деді түлкі күрсініп.

さて、キツネはもとの話にもどって、

Сәлден соң түлкі сөзін жалғастырды:

「おいらのまいにち、いつもおなじことのくりかえし。おいらはニワトリをおいかけ、ひとはおいらをおいかける。ニワトリはどれもみんなおんなじだし、ひとだってだれもみんなおんなじ。だから、おいら、ちょっとうんざりしてる。でも、きみがおいらをなつけるんなら、おいらのまいにちは、ひかりがあふれたみたいになる。おいらは、ある足音を、ほかのどんなやつとも聞きわけられるようになる。ほかの音なら、おいら穴あなぐらのなかにかくれるけど、きみの音だったら、はやされたみたいに、穴ぐらからとんででていく。

— Менің өмірім бір қалыпты өтуде. Мен тауықтарды аңдимын, адамдар мені аңдиды. Тауықтардың бәрі бірдей. Адамдар да бір-бірінен аумайды. Тіпті ішің пысатын жағдай. Ал егер сен мені қолға үйретсең, менің өмірім күн сәулесіндей нұрланып шыға келер еді. Мен ерекше естілетін басқан қадамыңның сыбдырын өзгелерден ажырата білер едім. Ал өзгелердің тықыры мені жер астындағы ініме тығылуға мәжбүр етеді. Сенің басқан қадамың жанға жайлы әуендей мені інімнен шығауға шақырар еді.

それから、ほら! あのむこうの小むぎばたけ、見える? おいらはパンをたべないから、小むぎってどうでもいいものなんだ。小むぎばたけを見ても、なんにもかんじない。それって、なんかせつない! でも、きみのかみの毛って、こがね色。だから、小むぎばたけは、すっごくいいものにかわるんだ、きみがおいらをなつけたら、だけど! 小むぎはこがね色だから、おいらはきみのことを思いだすよ。そうやって、おいらは小むぎにかこまれて、風の音をよく聞くようになる……」

Енді анаған қара! Сонау жердегі егіндікті көріп тұрсың ба? Мен нан жемеймін. Бидайдың маған керегі шамалы. Егін алқабы маған еш сезім тудырмайды. Міне, бұл көңілсіз жайт. Ал сенің шашың алтындай. Сен мені қолға үйреткеннен кейін қандай керемет болады десеңші! Алтын бидай сені еске алып отыратын болады. Сонда мен бидайды тербеген желдің сыбдырын жақсы көріп кетер едім…

キツネはだんまりして、王子くんをじっと見つめて、

Түлкі сөзін тыйып, Кішкентай ханзадаға ұзақ телміре қарап қалды да:

「おねがい……おいらをなつけておくれ!」といった。

— Өтінемін, мені қолға үйретші! — деді ол ақырында.

「よろこんで。」と王子くんはへんじをした。「でもあんまりじかんがないんだ。友だちを見つけて、たくさんのことを知らなきゃなんない。」

— Қуана-қуана келісер едім, — деп жауап қатты Кішкентай ханзада, — әттең, уақытым аз. Мен жаңа достар тауып, көп нәрселерді танып-білуім керек.

「自分のなつけたものしか、わからないよ。」とキツネはいった。「ひとは、ひまがぜんぜんないから、なんにもわからない。ものうりのところで、できあがったものだけをかうんだ。でも、友だちをうるやつなんて、どこにもいないから、ひとには、友だちってものがちっともいない。友だちがほしいなら、おいらをなつけてくれ!」

— Адам қолға үйреткен нәрселерін жақсы біледі, — деді түлкі. Адамдар бірдеңе білейін деп талпынбайды, оған тіпті уақыттары жоқ. Олар саудагерлерден дап-дайын заттарды сатып алады. Дайын достар сататын дүкен болмағандықтан, адамдар достарсыз қалды. Егер сен досың болғанын қаласаң, мені қолға үйрет!

「なにをすればいいの?」と王子くんはいった。

— Ол үшін не істеу керек? — деді Кішкентай ханзада.

「気ながにやらなきゃいけない。」とキツネはこたえる。「まずは、おいらからちょっとはなれたところにすわる。たとえば、その草むらにね。おいらはきみをよこ目で見て、きみはなにもしゃべらない。ことばは、すれちがいのもとなんだ。でも、1日、1日、ちょっとずつそばにすわってもいいようになる……」

— Ол үшін сабыр сақтау қажет, — деп жауап берді түлкі. — Алдымен сен менен аздап қашықтау жерде отырасың, мінеки былайша шөптің үстінде. Мен саған көзімнің қиығын саламын, ал сен үн шығарма. Сөз — түсінбестіктің бастамасы. Күн сайын жақынырақ отырып, жылжи түс…

あくる日、王子くんはまたやってきた。

Ертесіне Кішкентай ханзада қайтып келді.

「おんなじじかんに、来たほうがいいよ。」とキツネはいった。「そうだね、きみがごごの4じに来るなら、3じにはもう、おいら、うきうきしてくる。それからじかんがどんどんすすむと、ますますうきうきしてるおいらがいて、4じになるころには、ただもう、そわそわどきどき。そうやって、おいらは、しあわせをかみしめるんだ! でも、でたらめなじかんにくるなら、いつ心をおめかししていいんだか、わからない……きまりごとがいるんだよ。」

— Негізінде белгілі бір уақытта келгенің дұрыс, — деді түлкі. Мысалы, егер сен түстен кейін сағат төртте келетін болсаң, мен сағат үштен бастап-ақ бақытқа бөленемін. Уақыт жақындаған сайын мен өзімді бақытты сезіне бастаймын. Сағат төртте тіпті асып-сасып, қобалжи түсемін; бақытымның бағасы сонда сонда белгілі болады! Бірақ сен ойыңа келген уақытта келе беретін болсаң, қай уақытты жүрегімді жылылыққа толтыратынымды білмей қаламын… Салтты сақтау керек.

「きまりごとって、なに?」と王子くんはいった。

— Салт деген не? — деді Кішкентай ханзада.

「これもだれもわすれちゃったけど、」とキツネはいう。「1日をほかの1日と、1じかんをほかの1じかんと、べつのものにしてしまうもののことなんだ。たとえば、おいらをねらうかりうどにも、きまりごとがある。あいつら、木ようは村のむすめとダンスをするんだ。だから、木ようはすっごくいい日! おいらはブドウばたけまでぶらぶらあるいていく。もし、かりうどがじかんをきめずにダンスしてたら、どの日もみんなおんなじようになって、おいらの心やすまる日がすこしもなくなる。」

— Бұл да бір ұмтылып кететін нәрсе, — деді түлкі. Ол бір күннің басқа күндерге ұқсамайтынын, бір уақыттың басқа уақыттан ерекше екенін білдіреді. Мәселен, менің аңшыларымның бір салты бар. Олар бисенбі күндері ауылдың қыздарымен би билейді. Сондықтан, бейсенбі — тамаша күн! Мен жүзімдікке дейін сейіл құрамын. Егерде аңшылар ойларына келген уақытта билей беретін болса, барлық күн бір-бірінен аумай қалатын еді де, ал мен болсам демалыстан қағылар едім.

こんなふうにして、王子くんはキツネをなつけた。そして、そろそろ行かなきゃならなくなった。

Сөйтіп, Кішкентай ханзада түлкіні қолға үйретіп алды. Енді кетер уақыт жақындағанда:

「はあ。」とキツネはいった。「……なみだがでちゃう。」

— Ой, мен жылаймын ғой! — деді түлкі.

「きみのせいだよ。」と王子くんはいった。「ぼくは、つらいのはぜったいいやなんだ。でも、きみは、ぼくになつけてほしかったんでしょ……」

— Өзің кінәлісің, — деді Кішкентай ханзада, мен саған еш жаманшылық ойламап едім, алайда сен қолға үйрет деп қоймадың…

「そうだよ。」とキツネはいった。

— Иә, әрине, — деді түлкі.

「でも、いまにもなきそうじゃないか!」と王子くんはいった。

— Бірақ, сен бәрібір жылайсың ғой! — деді Кішкентай ханзада.

「そうだよ。」とキツネはいった。

— Әрине! — деді түлкі.

「じゃあ、きみにはなんのいいこともないじゃない!」

— Сен бұдан ештеңе ұтпайсың ғой!

「いいことはあったよ。」とキツネはいった。「小むぎの色のおかげで。」

— Ұттым! — деді түлкі. Бидайдың түсі жайлы айтқаным есіңде ғой?!

それからこうつづけた。

Сосын ол сөзін былай деп сабақтады:

「バラの庭に行ってみなよ。きみの花が、せかいにひとつだけってことがわかるはず。おいらにさよならをいいにもどってきたら、ひみつをひとつおしえてあげる。」

— Қайта барып раушан гүлдерге көз тасташы. Сонда сен өзіңнің гүлің әлемдегі қайталанбас гүл екеніне көзің жетеді. Сен менімен қоштасуға қайта орал, сол кезде саған бір құпия сырды сиға тартамын.

王子くんは、またバラの庭に行った。

Кішкентай ханзада раушан гүлдерді көруге қайта оралды.

「きみたちは、ぼくのバラとはちっともにていない。きみたちは、まだなんでもない。」と、その子はたくさんのバラにいった。「だれもきみたちをなつけてないし、きみたちもだれひとりなつけていない。きみたちは、であったときのぼくのキツネとおんなじ。あの子は、ほかのキツネ10まんびきと、なんのかわりもなかった。でも、ぼくがあの子を友だちにしたから、もういまでは、あの子はせかいにただ1ぴきだけ。」

— Сендер менің раушан гүліме түк те ұқсамайсыңдар, сендер түкке де татымайсыңдар! — деді ол гүлдерге. — Сендерді ешкім қолға үйреткен емес, сендер де ешкімді қолға үйреткен жоқсыңдар. Бұрын менің түлкім де сен сияқты жүрген. Жүз мыңдаған түлкіден оның да айырмашылығы жоқ-ты. Бірақ мен оны дос қылдым, енді ол — жалпақ дүниедегі жалғыздың өзі.

するとたくさんのバラは、ばつがわるそうにした。

Раушан гүлдер ыңғайсызданып қалды.

「きみたちはきれいだけど、からっぽだ。」と、その子はつづける。「きみたちのために死ぬことなんてできない。もちろん、ぼくの花だって、ふつうにとおりすがったひとから見れば、きみたちとおんなじなんだとおもう。でも、あの子はいるだけで、きみたちぜんぶよりも、だいじなんだ。だって、ぼくが水をやったのは、あの子。だって、ぼくがガラスのおおいに入れたのは、あの子。だって、ぼくがついたてでまもったのは、あの子。だって、ぼくが毛虫をつぶしてやったのも(2、3びき、チョウチョにするためにのこしたけど)、あの子。だって、ぼくが、もんくとか、じまんとか、たまにだんまりだってきいてやったのは、あの子なんだ。だって、あの子はぼくのバラなんだもん。」

— Сендер сұлусыңдар, бірақ ойсызсыңдар, — деді ол тағы да. — Сендер ол үшін өлімге бас тіге алмайсың. Әрине, менің раушан гүлімді жай бір жүргінші көрсе, сендерге ұқсайды екен деп ойлап қалуы мүмкін. Бірақ ол мен үшін сендердің бәріңнен де қымбат, сондықтан мен оны суарғанмын. Тек сол гүлді ғана шыны қалпақтың астына қойғанмын. Сол себептен оны желге қақтырмай, қоршау орнатқанмын. Сондықтан мен сол гүл үшін ғана құрттарды өлтіргенмін (екі-үшеуін көбелек болу үшін қалдырдым). Сондықтан сол гүлдің ғана шағымына немесе мақатағанына құлақ астым, кейде тымырайып, үндемегеніне де тқздім. Өйткені ол — менің раушан гүлім.

それから、その子はキツネのところへもどってきた。

Сөйдеді де ол түлкіге қайтып оралды.

「さようなら。」と、その子がいうと……

— Қош бол! — деді ол…

「さようなら。」とキツネがいった。「おいらのひみつだけど、すっごくかんたんなことなんだ。心でなくちゃ、よく見えない。もののなかみは、目では見えない、ってこと。」

— Қош бол! — деді түлкі. — Мінеки, менің құпиям. Ол өте қарапайым нәрсе: жүректің ғана көзі өткір. Ең маңызды нәрсе көзге көрінбейді.

「もののなかみは、目では見えない。」と、王子くんはもういちどくりかえした。わすれないように。

— Ең маңызды нәрсе көзге түспейді, — деді қайталап Кішкентай ханзада оны жадына сақтап қалмақшы болып.

「バラのためになくしたじかんが、きみのバラをそんなにもだいじなものにしたんだ。」

— Раушан гүлің үшін жұмсаған уақытың оны қымбат ете түседі.

「バラのためになくしたじかん……」と、王子くんはいった。わすれないように。

— Раушан гүлім үшін жұмсаған уақытым… — деп қайталады Кішкентай ханзада, мұны жадына сақтап қалмақшы болғандай.

「ひとは、ほんとのことを、わすれてしまった。」とキツネはいった。「でも、きみはわすれちゃいけない。きみは、じぶんのなつけたものに、いつでもなにかをかえさなくちゃいけない。きみは、きみのバラに、なにかをかえすんだ……」

— Адамдар бұл шындықты ұмытып кеткен, — деді түлкі. — Бірақ, сен оны ұмытпауың керек. Өзің қолға үйреткеніңнің қай-қайсысын болмасын, сен олар үшін әрқашан жауапты боласың. Раушан гүлің үшін жауап бересің…

「ぼくは、ぼくのバラになにかをかえす……」と、王子くんはもういちどくりかえした。わすれないように。

— Мен раушан гүліме жауаптымын… — деп қайталады Кішкентай ханзада, оны есіне сақтап қалмақ ниетпен.

22

XXII

「こんにちは。」と王子くんがいうと、

— Қайырлы күн! — деді Кішкентай ханзада.

「こんにちは。」とポイントがかりがいった。

— Қайырлы күн! — деді темір жол бағыттаушысы.

「ここでなにしてるの?」と王子くんがいうと、

— Мұнда не істеп жүрсің? — деді Кішкентай ханзада.

「おきゃくを1000にんずつわけてるんだ。」とポイントがかりがいった。「きかんしゃにおきゃくがのってて、そいつをおまえは右だ、おまえは左だって、やってくんだよ。」

— Мен жолаушыларды мың-мыңға бөліп сұрыптаймын, — деді темір жол бағыттаушысы. Оларды бірде оң жаққа, бірде сол жаққа алып кететін пойыздарды жөнелтемін.

すると、きかんしゃが、ぴかっ、びゅん、かみなりみたいに、ごろごろごろ。ポイントがかりのいるたてものがゆれた。

Сол мезетте күн күркірегендей дүрсілдеп жарқыраған жүрдек пойыз темір жол бағыттаушысының үйшігін дірілдетіп жіберді.

「ずいぶんいそいでるね。」と王子くんはいった。「なにかさがしてるの?」

— Өздері тым асығыс қой, — деді Кішкентай ханзада. Олар не іздеп жүр?

「それは、うごかしてるやつだって、わからんよ。」とポイントがかりはいった。

— Оны локомотивті басқаратын адамның өзі де білмейді, — деді бағыттаушы.

すると、こんどはぎゃくむきに、ぴかっ、びゅん、ごろごろごろ。

Сосын қарама-қарсы бағытқа бет алған екінші бір жүрдек пойыз дүрсілдеп өте шықты.

「もうもどってきたの?」と王子くんがきくと……

— Бірден артқа қайтып келе ме? — деді Кішкентай ханзада…

「おんなじのじゃないよ。」とポイントがかりがいった。「いれかえだ。」

— Бұл басқасы, — деді бағыттаушы. Орын алмасқаны ғой.

「じぶんのいるところが気にいらないの?」

— Оларға барған жақтары ұнамағаны ма?

「ひとは、じぶんのいるところが、ぜったい気にいらないんだ。」とポイントがかりがいった。

— Адамның көңілі тұрған жеріне ешқашан толмайды, — деді бағыттаушы.

すると、またまた、ぴかっ、びゅん、ごろごろごろ。

Сол-ақ екен, шамы жалтырап үшінші пойыздың дүрсілі пайда болды.

「さっきのおきゃくをおいかけてるの?」と王子くんはきいた。

— Бұлар алдыңғы жолаушыларды қуалап бара ма? — деп сұрады Кішкентай ханзада.

「だれもおっかけてなんかないよ。」とポイントがかりはいった。「なかでねてるか、あくびをしてる。子どもたちだけが、まどガラスに鼻をおしつけてる。」

— Олар ешкімді де қуалап бара жатқан жоқ, — деді темір жол бағыттаушысы. — Олар пойызда ұйықтайды немесе жай есінеп отыра береді. Тек балалар ғана терезеге мұрындарын тақап алып, сыртқа қарап отырады.

「子どもだけが、じぶんのさがしものがわかってるんだね。」と王子くんはいった。「パッチワークのにんぎょうにじかんをなくして、それがだいじなものになって、だからそれをとりあげたら、ないちゃうんだ……」

— Тек балалар ғана өздері не іздеп жүргенін біледі, — деді Кішкентай ханзада. — Олар шүберек қуыршаққа бар уақыты мен ықыласын арнайды, сол себептен қуыршақ олар үшін тым маңызды. Ал егер оны оларлан тартып алып қойса, онда балалар жылап қалады…

「うらやましいよ。」とポイントがかりはいった。

— Олар бақытты екен, — деді бағыттаушы.

23

XXIII

「こんにちは。」と、王子くんがいうと、

— Қайырлы күн! — деді Кішкентай ханзада.

「こんにちは。」と、ものうりがいった。

— Қайырлы күн! — деді саудагер.

ものうりはクスリをうっていた。そのクスリは、のどのからからをおさえるようにできていて、1しゅうかんにひとつぶで、もう、のみたいっておもわなくなるんだ。

Бұл саудагерлер шөл қандыратын сиқыр дәрі сататын. Аптасыына бір рет қабылдасаң болғаны, шөл қыспайтын болады.

「どうして、そんなのをうるの?」と王子くんはいった。

— Сен мұны неге сатып тұрсың? — деп сұрады Кішкентай ханзада.

「むだなじかんをはぶけるからだ。」と、ものうりはいった。「はかせがかぞえたんだけど、1しゅうかんに53ぷんもむだがはぶける。」

— Уақыт үнемдеу үшін, — деді саудагер. — Сарапшылар жүргізген есептің қорытындысы бойынша аптасына елу үш минут босқа ысырап етіледі екен.

「その53ぷんをどうするの?」

— Сонда ол үнемделген елу үш минутпен не істейді?

「したいことをするんだ……」

— Не істесең де өз еркің…

王子くんはかんがえる。『ぼく、53ぷんもじゆうになるんなら、ゆっくりゆーっくり、水くみ場にあるいていくんだけど……』

«Егер менің бос елу үш минутым болса, — деп ойланып қалды Кішкентай ханзада, — көкке шапшып атқан бұлақтан су ішуге асықпай барушы едім…»

24

XXIV

おかしくなって、さばくに下りてから、8日め。ぼくは、ものうりの話をききながら、ほんのすこしだけのこっていた水を、ぐいとのみほした。

Шөл далада апатқа ұшырағала сегіз күн өткен еді. Саудагер туралы оқиғаны суымның соңғы тамшысын ішіп отырып тыңдадым.

「へえ!」と、ぼくは王子くんにいった。「たいへんけっこうな思いで話だけど、まだひこうきがなおってないし、もう、のむものもない。ぼくも、ゆっくりゆーっくり水くみ場にあるいていけると、うれしいんだけど!」

— Иә, — дедім мен Кішкентай ханзадаға, — сенің оқиғаларың өте қызық-ау, бірақ мен ұшағымды әлі жөндеп болмадым, ішер суым да бітті. Егер мен де көкке шапшыған суға қара асықпай бет алсам, өзімді бақытты сезінуші едім!

「友だちのキツネが……」と、その子がいったけど、

— Менің түлкі досым…, — деп бастап еді…

「いいかい、ぼうや。もうキツネの話をしてるばあいじゃないんだ!」

— Менің кішкентайым, қазір түлкі туралы сөз тыңдар шамам жоқ!

「どうして?」

— Неге?

「のどがからからで、もうすぐ死んじゃうんだよ……」

— Өйткені шөлден қатып өлерміз…

その子は、ぼくのいいぶんがわからなくて、こういった。

Ол менің айтқанымды ұқпастан, маған былай деп жауап қатты:

「友だちになるっていいことなんだよ、死んじゃうにしても。ぼく、キツネと友だちになれてすっごくうれしくて……」

— Өлу керек болғанның өзінде досың болғаны жақсы ғой. Мен түлкі досым болғанына қуаныштымын…

ぼくはかんがえた。『この子、あぶないってことに気づいてない。はらぺこにも、からからにも、ぜったいならないんだ。ちょっとお日さまがあれば、それでじゅうぶん……』

«Ол төнген қауіпті дұрыс бағаламай тұр, — деп ойладым мен. — Оның қарны ешқашан ашқан да, өзі шөлдеген де емес. Аздап күн қыздырса болғаны…»

ところが、その子はぼくを見つめて、そのかんがえにへんじをしたんだ。

Алайда, ол маған қарады да, менің ойыма жауап бергендей:

「ぼくだって、のどはからからだよ……井戸いどをさがそう……」

— Мен де шөлдедім… Жүр, құдық іздейік…, — деді.

ぼくは、だるそうにからだをうごかした。井戸をさがすなんて、ばかばかしい。はてもしれない、このさばくで。それなのに、そう、ぼくたちはあるきだした。

Ұшы-қиырсыз жапан түзде құдық іздеген миға қонымсыз нәрсе дегендей қолымды торыққан кейіппен сермей салдым. Дегенмен, біз жолға аттанып кеттік.

ずーっと、だんまりあるいていくと、夜がおちて、星がぴかぴかしはじめた。ぼくは、とろんとしながら、星をながめた。のどがからからで、ぼうっとする。王子くんのことばがうかんでは、ぐるぐるまわる。

Ұзақ уақыт бойы үнсіз жүріп келе жатқанда кеш батып, аспанда жұлдыздар жымыңдай бастады. Шөл қысып ыстығым көтеріліп келе жатқандықтан болар, мен жұлдыздарды түсімде көріп тұрғандай болдым. Кішкентай ханзаданың сөздері есімнен шықпай тұрып алды.

「じゃあ、きみものどがからから?」と、ぼくはきいた。

— Демек, сенің де шөлдегенің ғой? — деп сұрадым одан.