1
誓詞 / Ант — китайською та казахською мовами

Китайсько-казахська книга-білінгва

希波克拉底

誓詞

Гиппократ

Ант

仰赖医神阿波罗、埃斯克雷波斯及天地诺神为证,鄙人敬谨直誓:愿以自身能力及判断力所及,遵守此约。

Аполлон дәрігердің, Асклепийдің, Гигиея мен Панакеяның және түрлі тәңірлердің атына атап, оларды куә ете отырып, мына серт пен жазбаша шартты шама-шарқымның жеткенінше адал орындауға ант етемін:

凡授我艺者,敬之如父母,作为终身同业伴侣,彼有急需,我接济之。视彼儿女,犹我兄弟,如欲受业,当免费并无条件传授之。凡我所知,无论口授书传,俱传之吾与吾师之子及发誓遵守此约之生徒,此外不传与他人。

Өзіме дәрігерлік ілімін үйреткен ұстазымды ата-анаммен бірдей көріп, оған барымды бөліп беремін, әрі қажет жағдайда оның жоғын табуға көмектесемін; оның ұрпақтарын бауырларым деп есептеймін, егер олар осы ілімді үйренгісі келсе, оларға тегін әрі ешқандай шарт жасаспай-ақ сабақ беремін; оқу үстінде айтар ақылымды, ауызша сабақтар мен ілімдегі қалған жайлардың бәрін өз балаларыма ұстазымның балалары мен медицина заңы бойынша серттескен, ант беріскен шәкірттеріме хабарлаймын, басқа жанға тіс жармаймын.

我愿尽余之能力与判断力所及,遵守为病家谋利益之信条,并检柬一切堕落和害人行为,

Науқастарға зиян келтіру мен қиянаттан бойымды аулақ ұстай отырып, бар шама-шарқыммен оларға пайдасы тиетіндей етіп жасаймын.

我不得将危害药品给予他人,并不作该项之指导,虽有人请求亦必不与之。尤不为妇人施堕胎手术。我愿以此纯洁与神圣之精神,终身执行我职务。

Ешкімге кісіні өлімге ұшырататын дәрі бермеймін әрі оны жасау тәсілін көрсетпеймін; сонымен қатар, әйелге түсік түсіретін пессарий ұсынбаймын. Өмірде, ілімде де таза әрі адал боламын.

凡患结石者,我不施手术,此则有待于专家为之。

Тас ауруларымен сырқаттанғандардың денесін ешқашан кеспеймін, мұны осы іспен айналысатын кісілерге тапсырамын.

无论至于何处,遇男或女,贵人及奴婢,我之唯一目的,为病家谋幸福,并检点吾身,不作各种害人及恶劣行为,尤不作诱奸之事。

Қайсы үйге кірсем де науқастың қамын ойлаймын, әдейі қиянат пен қастандық жасаудан, әсіресе әйелдер мен еркектер, азат адамдар мен құлдар арасындағы махаббаттан аулақпын.

凡我所见所闻,无论有无业务关系,我认为应守秘密者,我愿保守秘密。

Емдеу кезінде, сондай-ақ, емдемеген кезде де, адам өмірінің ішіндегі мүлдем жариялауға болмайтын жайларды көргенімді немесе естігенімді құпия есептеп, жан баласына айтпаймын.

尚使我严守上述誓言时,请求神祗让我生命与医术能得无上光荣,我苟违誓,天地鬼神实共亟之。

Антты бұлжытпай орындағаным үшін өмірде де, ілімде де бақытты болып, ел арасында мәңгілік даңққа бөленгеймін; жалған ант беріп, қылмыс жасағандарды ант атсын.

Реклама