Бәләкәй шаһзат / Кішкентай ханзада — w językach baszkirskim i kazachskim

Baszkirsko-kazachska dwujęzyczna książka

Антуан де Сент-Экзюпери

Бәләкәй шаһзат

Антуан де Сент-Экзюпери

Кішкентай ханзада

Денис Өмөтбаев тәржемһе

ЛЕОН ВЕРТҠА


Был китапты өлкән кешегә бағышлаған өсөн балаларҙан мине ғәфү итеүҙәрен һорайым. Аҡланыр өсөн әйтәм: был өлкән кеше-минең иң яҡшы дуҫым. һәм тағы: ул донъялағы бар нәмәне лә аңлай, хатта балалар китаптарын да. Һәм идне ул Францияла йәшәй, ә унда хәҙер аслыҡ һәм һыуыҡ. Һәм ул йыуатыуға мохтаж.


Әгәр ҙә инде был да мине аҡламаһа, мин был китапты, әлеге өлкән дуҫым ҡорона үҫеп еткән малайға бағышлайым. Бөтә ололар тәүҙә бала булған бит һуң, тик һирәктәре генә уны иҫләй. Шулай итеп, мин бағышламаны төҙәтәм:


ЛЕОН ВЕРТҠА
бәләкәй сағына


I

I

Алты йәш сағымда, кеше аяғы баҫмаған урман тураһындағы «Хаҡлы ваҡиғалар» исемле китапта, мин ғәжәйеп бер һүрәт күрҙем. Һүрәттә ҙур йылан — быуар — йыртҡыс йәнлекте йота ине. Уныһы ошолай төшөрөлгән ине:

Бірде, алты жастағы кезімде, жабайы орман туралы «Бастан кешкен оқиғалар» деп аталатын кітаптан ғажайып бір сурет көрдім. Суретте айдаһар жылан арыстанды бүтіндей жұтып жатты. Сол суреттің көшірмесі мынадай:

Китапта: «Быуар йылан ҡорбанын тулыһынса йота, сәйнәмәйенсә. Унан һуң ҡыбырлай ҙа алмай, һәм ярты йыл буйы, ашҡаҙаны ризығын эшкәрткәнсе, йоҡлай» тип яҙылған ине.

Кітапта былай деп жазылған: «Айдаһар жыландар жемтігін шайнамай бүтіндей жұтады. Содан кейін олар алты ай бойы қозғалмастан, тамағын қорытады екен».

Мин джунглиҙағы мажаралы тормош тураһында күп уйлана инем һәм төҫлө ҡәләм менән үҙемдең беренсе һүрәтемде төшөрҙөм. Был минең 1-се һанлы һүрәтем ине. Бына нимә төшөргән инем:

Сол сәтте менің джунгли оқиғалары жайлы ойларым сан саққа жүгірді. Мен қолыма түрлі түсті қарындаш алып, тұңғыш суретімді сала бастадым. Менің нөмірі бірінші суретімнің пішіні былай еді.

Мин ижадымды өлкәндәргә күрһәттем дә, уларға ҡурҡыныс түгелме икәнен һораным.

Мен бұл өнер туындысын ересек кісілерге көрсеттім де, олардан суретім қорқыныш тудырады ма деп сұрадым.

— Эшләпә ҡурҡыныс буламы һуң? — тип ҡаршы килделәр миңә.

Олар: «Қалпақ та қорқынышты болады ма екен?» — десті.

Ә был бөтөнләй ҙә эшләпә түгел ине. Был филде йотҡан быуар йылан ине. Шунан мин, өлкәндәргә аңлайышлыраҡ булһын өсөн, быуар йыланды эстән төшөрҙөм. Уларға гел барыһын да аңлатырға кәрәк. Был минең 2-се һанлы һүрәтем:

Ал менің салғаным қалпақ емес еді. Ол пілді қорқытып жатқан айдаһар жыланның суреті болатын. Бұдан соң үлкендерге түсінікті болуы үшін айдаһардың ішкі бөлігін бейнеледім. Үлкендерге үнемі түсіндіріп отыру керек. Менің нөмірі екінші суретім былай болып шықты:

Өлкәндәр миңә йылындарҙы тыштан да, эстән дә төшөрмәҫкә, ә күберәк география, тарих, хисап һәм дөрөҫ яҙыу менән ҡыҙыҡһынырға кәңәш иттеләр. Шулай итеп мин алты йәшемдә иҫ киткес рәссам карьераһынан баш тарттым.

Үлкендер маған айдаһар жыланды, іштей немесе сырттай бейнелегенімді қойып, одан да географияға, тарихқа, есеп-қисапқа және жазу ережесіне көбірек көңіл қоюыма кеңес берді. Осылайша мен атақты суретші болу арманымнан алты жасымда-ақ бас тарттым.

1-се һәм 2-се һанлы һүрәттәр менән уңышһыҙлыҡҡа тарыҡҡас, мин үҙемдә ышаныс юғалттым. Өлкәндәр бер ҡасан бер ниҙе үҙҙәре аңламай, ә гелән уларға аңлатырға һәм төшөндөрөргә балалар өсөн бик ялҡытҡыс.

Нөмірі бірніші және нөмірі екінші суретімнің сәтсіз шығуы менің меселімді қайтарып тастады. Үлкендер ештеңені ешқашан өз беттерімен түсінбейді. Ал әр нәрсені үнемі ежіктеп түсіндіре берген балаларды мезі етіп жібереді.

Шулай итеп, миңә башҡа төрлө һөнәр һайларға тура килде, һәм мин осоусыға уҡып алдым. Мин бар донъяны тиерлек осоп үттем. Һәм география, ысын әйткәндә, миңә бигерәк ярап ҡалды.

Сондықтан да мен басқа мамандықты таңдауға мәжбүр болдым. Ақыры ұшқыш болып шықтым. Жалпақ әлемді түгелге жуық араладым. Шынына келсек, географияны білгенім маған көп көмегін тигізді.

Мин тәү ҡараштан Ҡытайҙы Аризонан айыра ала инем. Бик тә файҙалы, әгәр төндә юлдан яҙһаң.

Мен бір көргеннен-ақ Қытайды Аризонадан ажырата алатынмын. Бұл — түнде адасып кеткен жағдайда өте пайдалы нәрсе.

Үҙ быуатымда мин төрлө етди кешеләрҙе күп осраттым. Мин өлкәндәр араһында оҙаҡ ҡына йәшәнем. Мин уларҙы бик яҡындан күрҙем. Һәм шунлыҡтан, асыҡтан әйткәндә, улар тураһында яҡшыраҡ уйлай башламаным.

Мен өмірімде көптеген ұлағатты адамдарды кездестірдім. Көп уақыт бойы үлкендердің ортасында болдым. Олармен қоян-қолтық араластым. Дегенмен, оларға деген көзқарасым жақсармады.

Башҡаларҙан аҡыллыраҡ һәм зиһенлерәк күренгән берәй өлкәнде осратҡанда, мин уға 1-се һанлы һүрәтемде күрһәтә инем-мин уны һаҡлап алып ҡалдым да гел үҙем менән йөрөттөм. Был кеше ысынында ниҙер аңлаймы икәнлеген белгем килә ине.

Басқаларға қарағанда парасаттылау ғой деген адамды кездестіре қалсам, өзіммен үнемі бірге алып жүретін нөмірі бірінші суретімді көрсетіп, оны сынақтан өткізетінмін. Шынымен түсінгі бар адам екенін білгім келетін.

Тик барыһы ла: «Был эшләпә» тип яуап ҡайтара инеләр.

Өкінішке орай, олардың қай-қайсысы болсын маған: «Бұл қалпақ қой», — деп жауап қайыратын.

Һәм мин улар менән быуар йыландар тураһында ла, джунглиҙар тураһында ла, йондоҙҙар хаҡында ла һөйләшмәй инем. Мин уларҙың төшөнсәләренә яраҡлаша инем. Мин улар менән гольф һәм бридж уйнау, сәйәсәт һәм галстуктар тураһында һөйләшә инем. Һәм өлкәндәр шундай аҡыллы кеше менән танышыуҙарына бик ҡәнәғәт инеләр.

Сондықтан мен оған айдаһар жылан жайлы да немесе жабайы ормандар мен жұлдыздар туралы да сөз қозғамайтынмын. Олардың ұғымына түсінікті болатын бридж бен гольф ойындары жөнінде, саясат пен галстук туралы әңгімелесетінмін. Сонда барып, ересек кісі жөн-жосықты білетін адаммен танысқанына риза болып қалатын.

II

II

Шулай итеп мин яңғыҙлыҡта йәшәнем, һәм йәнгә-йән һөйләшерлек бер кем дә юҡ ине. Ә алты йыл элек Сахарала миңә сараһыҙҙан үҙосарҙы ергә ултыртырға тура килде.

Осылайша сырымды шынайы бөлісетін жан табылмай, жалғызсырап жүруім бұдан алты жыл бұрын — Сахара шөліне ойда-жоқта қонуға мәжбүр болған кезіме дейін созылды.

Ниҙер үҙосарымдың моторында боҙолған ине. Минең менән йүнәтеүсе лә, ултырып барыусылар ҙа юҡ ине, һәм мин, бик ауыр булһа ла, барыһын да үҙем йүнәтеп ҡарарға булдым.

Мотордың бір тетігі сынса керек. Жанымда не механик, не бір жолаушы болмағандықтан, қиын да болса ұшақты жөндеп көрмекке бел будым.

Мин йә моторҙы төҙәтергә, йә үлергә тейеш инем. Ә һыу, күп булһа, аҙнаға ғына етер ине.

Бұл мен үшін өмір мен өлім арасындағы айқас еді, өйткені сегіз күнге жетер жетпес суым қалған болатын.

Тәүге кистә, мең саҡрым әйләнә тирәләй бер йорт булмаған сүллектә, ҡом өҫтөндә йоҡлап киткәнмен. Карап һәләкетенә эләгеп һал өҫтөндә дарьялар уртаһында юғалып ҡалған кеше лә ул тиклем яңғыҙ булмаҫ кеүек.

Сонымен, бірінші түні адамзат мекенінен мыңдаған шақырым қашықтықтағы жапан түзде құм үстінде түнеп шықтым. Мен өзімді мұхит ортасында кеме апатынан кейін тақтай үстінде қалқып жүрген адамнан бетер жалғыз сезіндім.

Хәҙер кемдеңдер нескә тауышына уянып, минең аптырауымды күҙ алдына килтереп ҡарағыҙ. Ул:

Сондықтан болар, таң сәріде жіңішке бір дауыстан оянып кеткендегі таң қалғанымды көрсеңіз ғой. Ол дауыс:

— Зинһар… Миңә һарыҡ бәрәсен төшөрөп бир әле! — тине.

— Өтінемін… қошақанның суретін салып берші! — деді.

— Ә?..

— Немене?

— Һарыҡ бәрәсен төшөрөп бир…

— Маған қошақанның суретін салып бер.

Мин ҡапыл ырғып торҙом, әйтерһең дә баш өҫтөмдә күк дөһөрләне. Күҙҙәремде ыуаланым. Тирә яғыма ҡарай башланым. Һәм мине ентекләп ҡарап торған ирмәк кенә бәләкәй кешене күреп ҡалдым.

Мен төбемнен жай түскендей, орнымнан атып тұрдым. Көзімді уқалап жіберіп, төңірегіме байыптап қарадым. Маған тесіле қарап тұрған ғажайып бір кішкентай баланы көрдім.

Быныһы инде, мин төшөргәненән, уның иң яҡшы портреты.

Мен кейінірек салған оның ең таңдаулы суреті мынау.

Ләкин минең һүрәттә ул, әлбиттә, ысынындағы кеүек матур түгел. Әммә бында минең ғәйебем юҡ. Алты йәшлек сағымда минән рәссам сыҡмаясағына өлкәндәр ышандырҙылар, һәм мин быуар йыландарҙан башҡа, тыштан һәм эстән, бер ни төшөрөргә өйрәнмәнем.

Бірақ, әрине, менің салған суретім нақ өзіндей келісті емес. Олай болғанына менің еш кінәм жоқ. Менің алты жасымда сенен еш суретші шықпайды деп үлкендер көңілімді қалдырғаны бәріне белгілі. Айдаһар жыланды іштей және сырттай бейнелеуден басқаны үйрене алмағанмын.

Шулай итеп, мин бар күҙҙәрем менән был ғәжәпләнерлек күренешкә ҡарап торҙом. Онотмағыҙ, мин кешеләр йәшәгән урындарҙан меңәрләгән саҡрымдарҙа инем. Ә шул уҡ ваҡытта, был бәләкәс бер ҙә аҙашҡан, йә үлә арыған һәм ҡурҡҡан, йә аслыҡтан һәм сарсауҙан үлеп барған затҡа оҡшамаған ине.

Өстіп мен аяқ астынан пайда болған құбылысқа көзім бақырайып таңғала қарап тұрдым. Мыңдаған шақырым бойына тірі пенде кездеспейтін айдала шөлде тұрғанымды ұмытпаңыз. Бірақ, бұл кішкентай бала адасып кеткен, не әлсіреп шаршаған, не ашығып немесе шөл қысып, не болмаса үрейден есі шығып тұрған адамға ұқсамайды.

Уның ҡиәфәтенә ҡарап был, бар йорттарҙан йыраҡта булған кешеһеҙ сүллектә, юғалып ҡалған бала тип хис тә әйтеп булмаҫ ине. Ниһәйәт, минең һөйләү һәләтлегем ҡайтты һәм мин унан һораным:

Ол ел мекендеген аймақтан мыңдаған шақырым қашықтықтағы айдалада адасып кеткен баланың кейпіне тіпті де ұқсамайды. Ақыры мен есімді жиып, оған былай деп тіл қаттым:

— Һуң… Һин бында ни эшләйһең?

— Ал, мұнда неғып жүрсің?

Һәм ул ҡабат тыныс һәм етди һораны:

Сонда ол маған өтіншін жайлап қана қайталап айтты:

— Зинһар… Бәрәсте төшөр…

— Өтінемін… маған қошақанның суретін салып берші.

Барыһы шул тиклем серле һәм төшөнмәҫлек ине, мин хатта баш тартырға ҡыйманым. Нисек кенә лә мәғәнәһеҙ булмаһын бында, сүллектә, үлемдән ҡыл өҫтөндә, мин шулай ҙа кеҫәмдән ҡағыҙ бите һәм мәңге ҡәләм сығарҙым.

Бұл ғажап бала маған әсер еткені сонша, оның өтінішін орындамасқа лажым қалмады. Өлім қаупі төніп тұрған, адам мекенінен мыңдаған шақырым қашықтықтағы меңіреу түзде болып жатқан мына нәрсе миға қаншалықты сыйымсыз болса да, мен қалтамнан бір парақ қағаз бен қалам шығардым.

Ҡапыл ғына мин күберәк географияны, тарихты, хисапты һәм дөрөҫ яҙыуҙы өйрәнгәнемде иҫемә төшөрҙөм, һәм бәләкәскә һүрәт төшөрә белмәйем тип әйттем (әҙерәк уҫалыраҡ итеп әйттем). Ул яуап ҡайтарҙы:

Осы мезетте менің есіме тек географияны, тарихты, есеп-қисап пен жазу ережесін ғана оқығаным есіме сап ете түсті де, кішкентай балаға (аздаған ренішпен) сурет сала алмайтынымды айттым. Ол маған:

— Барыбер. Һарыҡ бәрәсен төшөрөп бир.

— Ештеңе етпейді. Қошақан салып берші, — деп жауап қатты.

Бер ҡасан да һарыҡтарҙы төшөрмәгәнемә күрә, мин уға электән төшөрә белгән ике һүрәтемдең береһен ҡабатланым-быуар йыланды тыш яғынан. Һәм малайҙын тойғоланып ҡысҡырыуына хайран ҡалдым:

Өмірімде қой салып көрмеген басым қолымнан келетін екі суреттің біреуін сала салдым. Айдаһар жыланның сыртқы кейпі. Сонда баланың айтқан сөзін естігенімде, тұрған орнымда қалшидым да қалдым:

— Юҡ, юҡ! Миңә быуар эсендәге фил кәрәкмәй! Быуар йылан бигерәк ҡурҡыныс, ә фил шул тиклем ҙур. Ә минең өйөмдә бөтә нәмә бәләкәй. Миңә һарыҡ бәрәсе кәрәк. Төшөр әле бәрәсте.

— Жоқ, жоқ! Айдаһар жылан жұтып қойған пілдің қажеті жоқ. Айдаһар өте қауіпті, ал піл болса тым үлкен. Менің үйімде бәрі кішкентай. Маған керегі қошақан. Қошақанның суретін салып бер.

Мин төшөрҙөм.

Мен сұрағанын салып бердім.

Ул иғтибарлап һүрәтемә ҡараны ла:

Ол суретке зер сала қарады да, сосын:

— Юҡ, был бәрәс бигерәк сибек. Икенсеһен төшөр. — тине.

— Жоқ! Мұның әлден бастап-ақ ауру ғой. Басқасын сал, — деді.

Мин төшөрҙөм.

Мен тағы салдым:

Минең яңы дуҫым, йомшаҡ итеп, ҡәтғиһеҙлек менән йылмайҙы:

Менің достым маған түсінушілікпен биязы жымиып:

— Һин бит үҙең күрәһең, — тине ул, — был бәрәс түгел. Был ҙур һарыҡ. Уның мөгөҙҙәре…

— Өзің де көріп тұрсың… бұл қой емес, қошқар ғой. Мұның мүйіздері бар…

Мин ҡабат икенсе төрлө төшөрҙөм.

Суретімді басқаша салып бердім.

Ләкин ул был һүрәттән дә баш тартты:

Алайда басқалары сияқты ол да көңілінен шықпады:

— Был бигерәк ҡарт. Миңә оҙаҡ йәшәй алырлыҡ бәрәс кәрәк.

— Ал, мұның өте кәрі. Маған ұзақ өмір сүретін қозы керек.

Бында мин сабырлығымды юғалттым — миңә бит тиҙерәк моторҙы һүтергә кәрәк — һәм әрйә һыҙғыланым.

Енді шыдамым таусылған әрі моторды ашуға асыққан басым мына бір суретті шимайлай салдым да:

Бәләкәй малайға әйтеп тә ҡуйҙым:


—Бына һиңә әрйә. Ә уның эсендә ниндәй теләйһең, шундай бәрәс ултыра.

— Мынау — жәшік. Сенің қалаған қошақаның осының ішінде, — дедім балаға.

Мине аптыратып ҡырыҫ хөкөмдарым балҡып йылмайҙы:

Жас төрешінің жүзі жадырап шыға келгенін көріп аң-таң болдым.

— Быныһы яҡшы! Һин нисек уйлайһың, был бәрәскә үлән күп кәрәкме?

— Тура осындай керек еді! Қалай ойлайсың, бұл қошақанға шөп көп керек пе? — деп сұрады ол.

— Ә нимә?

— Неге?

— Һуң бит минең өйҙә бөтә нәмә шул тиклем әҙ…

— Өйткені бізде бәрі кішкентай.

— Уға етер. Мин һиңә бөтөнләй бәләкәй бәрәс бирәм.

— Жететін болар. Саған тіптен кішкентай қошақан жасап бердім ғой.

— Ул тиклем бәләкәй ҙә түгел… — тине ул, башын эйеп һүрәтте өйрәнгәндә. — Ҡара әле! Бәрәс йоҡлап китте…

Ол суретке үңіле қарап:
— Соншама кіші де емес. Қара! Ұйықтап қалды.

Шулай итеп мин Бәләкәй шаһзат менән таныштым.

Осылайша мен ханзадамен таныстым.

III

III

Ҡайҙан килеүен тиҙ генә аңламаным. Бәләкәй шаһзат мине һорауҙар менән күмде, ә үҙен бер ни тураһында һорағанда, ул ишетмәй кеүек ине.

Оның қайдан келгенін көпке дейін түсіне алмадым. Кішкентай ханзада маған үстемелеп сұрақ қоя береді де, ал өзі менің сұрақтарымды естімеген қалып танытады.

Тик әҙләп, осраҡлы рәүештә, ыңғайы килгәндә ысҡындырып ебәргән һүҙҙәре аша миңә барыһы ла асыҡланды. Шулай итеп, ул, минең үҙосарҙы тәүге тапҡыр күргәндә (үҙосарҙы төшөрөп тормайым, барыбер булдыра алмаҫмын), һораны:

Абайсызда айтылып қалған сөздер ғана жұмбақтың сырын аша бастады. Ол менің ұшағымды (қолдан келмейтін болған соң, ұшақтың суретін салып жатпаймын) байқап қалған кезде:

— Был ниндәй нәмә ул?

— Бұл не нәрсе? — деп сұрады.

— Был нәмә түгел. Был үҙосар. Минең үҙосар. Ул оса.

— Бұл нәрсе емес. Бұл — ұшақ. Аспанда ұшады. Менің ұшағым.

Һәм мин ғорурлыҡ менән оса белеүемде аңлаттым. Шунда ул ҡысҡырып ебәрҙе:

Өзімнің ұшатынымды масаттана айттым. Сол мезетте ол:

— Нисек! Һин күктән килеп төштөңме?

— Қалайша? Аспаннан құлап түстің бе? — деп айқайлап жіберді.

— Эйе, — тыйнаҡ ҡына яуап бирҙем.

— Иә, — дедім мен жайбарақат.

— Бына мәрәкә!..

— О, мұның қызық екен…

Һәм Бәләкәй шаһзат яңғыраулы көлөп ебәрҙе, мин хатта ғәрләнеп киттем: минең ҡыйынлыҡтарыма етди ҡарауҙарын яратам. Ә һуңынан:

Кішкентай ханзада осылай деп, дауыстап күліп жібергені менің намысыма қатты тиді. Біреудің бақытсыздығын күлкіге айналдырғанды кім жақсы көрсін. Сосын ол:

— Тимәк һин дә күктән килгәнһең. Ә һин ниндәй ҡауҡабтан? — тип өҫтәне.

— Демек, сен аспаннан түскен екенсің ғой! Қай планетадансың?

«Бына ниҙә икән уның сүллектә килеп сығыуының сәбәбе!» — тип уйланым мин һәм туранан һораным:

Ғайыптан пайда болуының сырын ашатын кілт табылған сияқтанып, мен де сұрақты жаудырып жібердім:

— Килеп сығыуынса, һин бында икенсе ҡауҡабтан эләккәнһең?

— Сөйтіп басқа планетадан келдім де?

Тик ул яуап ҡайтарманы. Минең үҙорсҙы өйрәнгәндә башын ипле сайҡап:

Бірақ ол маған жауап қатпады. Ол менің ұшағыма қараған күйі басын шайқап:

— Йә, бының менән һин алыҫтан килә алмаҫ инең…

— Шын мәнінде сен мұнымен алыстан ұшып келуің мүмкін емес.

Һәм оҙаҡҡа ниҙер хаҡында уйға батты. Һуңынан кеҫәһенән минең бәрәсте сығарып шул хазинаны ентекләп күҙәтергә кереште.

Сөйтіп, ол ұзақ ойға шомып кетті. Ақырында қалтасынан мен сыйлаған қошақанды шығарып, ғажап қазынасына сүйсіне қарады.

«Башҡа ҡауҡабтар» тураһында уның ярымасылыуынан минең ҡыҙыҡһыныуым тоҡанып китеүен күҙ алдына килтерә алаһығыҙмы? Һәм мин күберәк төпсөнөп маташтым:

«Басқа планеталар» жайлы бұл құпияның бір бөлігі менің қызығушылығымды қалайша арттыра түскенін білсеңіздер ғой, шіркін. Бұл сыр жайлы барынша көбірек білуге тырыстым:

— Ҡайҙан осоп килдең инде һин, бәләкәс? Һинең өйөң ҡайҙа? Минең бәрәсемде ҡайҙа алып китергә теләйһең?

— Балақай, сен қайдан келдің? Үйің қайда? Менің қошақанымды қайда алып кетпекшісің?

Ул уйланып өндәшмәй ултырҙы ла, һуңынан әйтте:

Ол үн-түнсіз біраз ойланып отырды да, былай деді:

— Миңә әрйә биреүең бик яҡшы әле, бәрәс шунда төндәрен йоҡлаясаҡ.

— Маған жәшігімен бергенің қандай жақсы болды! Ол түнде қошақанға пана болады.

— Әлбиттә. Ә әгәр ҙә үҙеңде аҡыллы тотһаң мин һиңә, көндөҙ уны бәйләргә, бау бирермен. Һәм ҡаҙыҡ.

— Әрине, ақылды бала болсаң, оны күндіз байлап қоятын арқан да жасап беремін. Керек десең, қызық та болады.

Бәләкәй шаһзат ҡашын төйөп:

Менің ұсынысым кішкентай ханзаданың жанын түршіктіріп жібергендей болды:

— Бәйләргә? Ни өсөн инде?

— Байлап қою үшін?! Өзің бір қызық екенсің!

— Һуң һин бәйләмәһәң, уның әллә ҡайҙа барып сығып юғалыуы бар.

— Егер сен оны байлап қоймасаң, басы ауған жағына кетіп, жоғалып кетуі мүмкін.

Быныһына ла минең дуҫым күңелле көлөп ебәрҙе:

Осы арада менің досым тағы да күліп жіберді:

— Ҡайҙа барһын инде ул?

— Қайда кетеді дейсің?

— Әҙме ҡайҙа? Тура ла тура, күҙҙәре ҡайҙа ҡарай-шунда.

— Қайда болса сонда. Басы ауған жаққа.

Ул саҡта Бәләкәй шаһзат етди итеп:

Сонда кішкентай ханзада салмақты түрде былай деді:

— Уныһы ҡурҡыныс түгел, миндә бит унда урыным бик әҙ — тине.

— Ештеңе етпейді. Бізде өріс тар.

Һәм моңһоулыҡ менән:

Сосын сәл-пәл мұңайыңқырап тұрып сөзін былай жалғады:

— Һәр саҡ тура ла тура атлап алыҫ китеп булмай… — тип өҫтәне.

— Басың ауған жаққа жүре берсең де, алысқа ұзамайсың.

Reklama